Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Ақтөбе облысында шаруа қожалығының төрағасы ауыл әкімін пышақтап өлтірді

AstanaTV
13.12.2022ж. 20:00
1721
Ақтөбе облысында шаруа қожалығының төрағасы ауыл әкімін пышақтап өлтірді

Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ ауылдық округінің әкімін шаруа қожалығының төрағасы пышақтаған. Марқұм көп қан жоғалтып, аудандық ауруханада көз жұмды. 36 жастағы әкім мен шаруашылық басшысы сөзге келіп қалып, жанжал соңы төбелеске ұласқан. Ақыры фермер әкімге пышақ салған. Жанжалға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бірнеше сараптама тағайындалған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Б. Рахметова