Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қызылордада 17 жастағы қыз көпірден секіріп кетті

AstanaTV
13.12.2022ж. 20:00
1496
Қызылордада 17 жастағы қыз көпірден секіріп кетті

Қызылордада 17 жастағы қыз қаладағы аспалы көпірлердің бірінен секіріп кетті. Оқиға түнгі он шамасында болған. Қазір бұл жағдайдың себебі анықталып жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әрбір 40 секунд сайын 1 адам өзіне қол салады. Ал соңғы кезде өмірмен қош айтысқысы келетін әйелдер көбейген. Бұл ненің белгісі? Қыз-келіншектер психикасы әлсіз бе? Әлде басқа ма? Әсел Дүкембаева айтады.

Қаладағы аспалы көпірлердің бірінен қыздың секіріп кеткені жұртты дүр сілкіндірді. Қыршын ғұмыр сол жерде қиылды.

Әуелхан ҚҰДАЙБЕРГЕН, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ПБ ТЕРГЕУ БӨЛІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігімен, яғни өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Соңғы уақытта көпірден немесе биік ғимараттардан секіріп, өмірмен қош айтысқысы келетіндер көбейген. Астанада биыл 255 өзіне-өзі қол салу дерегі тіркелген. Оның 35-і өліммен аяқталса, 217-сі аман қалған.

Гүлмира ШРАХМЕТОВА, АСТАНА қ. ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАР-МАСЫ ӘЙЕЛДЕРДІ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ ТОБЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Көбінесе бұл сау күйінде жасалады. Отбасылық құқықбұзушылықтардың көбі ішкіліктің кесірінен, мас күйінде жасалатын болса, суицидқа адамдар енді саналы түрде барады да. Әлеуметтік аз қамтылған біріншіден, екіншіден тұлға аралық қақтығыстар, қызғаныш осындай себептің салдарынан орын алып жатады.

Әйелдер көп жағдайда шарасыздықтан жұрттың назарын өзіне аударғысы келеді. Мамандардың айтуынша, суицидке бейім жандар құ¬қық қорғау органдарынан қашқақтайды. Тіпті олар жеке өмірі туралы бөтен адамдармен сөйлескісі кел¬мейтін көрінеді.

Әскергүл ХИЗАТБЕК, ПСИХОЛОГ:

Әйел адам қолдау іздей бастайды. Сөйлескісі келіп тұрады. Адам жеке бір бұрынғыдай емес, мінезінде өзгеріс болады. Өмірде отбасылық жағдайлар болады, қаржылық яғни таршылық көрсе, зорлық көрсе, отбасынан қысым көрсе, ер азамат тарапынан әлімжеттік көрсе, осылардың сол нәрсеге апарып тірейді.

Әсел ДҮКЕМБАЕВА,ТІЛШІ:

Бұлай мәселені шешемін деп ойламаңыз. Себебі мамандар кімде кім тығырыққа түскен кезде ең оңай жол іздейтінін айтады. Бірақ адамның өмірінен артық құнды дүние жоқ екенін көпшілік ескере бермейді.

Ә. Дүкембаева