Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

1000-нан астам астаналыққа азық-түлік себеті таратылды

AstanaTV
13.12.2022ж. 20:00
1078
1000-нан астам астаналыққа азық-түлік себеті таратылды

Астанада әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға 1000-нан астам азық-түлік себеті таратылды. Әрбір қорап ішінде ең қажетті заттар бар. Игі іске астаналық белсенділер мен еріктілер, кәсіпкерлер мен әкімдік қызметкерлері атсалысты.

Тәуелсіздік күніне орай астаналық еріктілер мен белсенділер «Қайырымдылық марафонын» ұйымдастырды. Таратылғалы жатқан қорап ішінде күнделікті қажетті деген негізгі тауарлар салынған. Бір жолғы әлеуметтік көмек қаладағы 4 ауданның тұрғындарына көрсетілді.

Аян ЕРМЕНТАЕВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Жалпы азық-түліктің құрамында күнделікті керекті барлық өнімдер қарастырылған. Мәселен,сұйық май, күріш, қант, тауық еті, түрлі дәмдеуіштері бар шұжықтан жасалған осындай азық-түлікті жеткізетін боламыз.

Алғашқы себет көпбалалы отбасына табысталды. Отағасы үйінің жалғыз асыраушысы. Ал жұбайы балаларының қараушысы. Аз қамтылған отбасы санатында. Ал базарлыққа балалар қуанып қалды.

Әсем, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Шыны керек күткен жоқпын. Енді ғана тұрып балалардың таңғы астарын берейін, сабаққа жіберейін деп жатқанда күтпеген жағдай болды. Өте қуаныштымын. Осы еріктілерге, қала әкімшілігіне барлық жақсы адамдарға көп-көп рақмет айтамын. Бар жақсылықты тілеймін. Мерекеміз келе жатқан 16 желтоқсан құтты қайырлы болсын.

Бұл отбасы үш жыл бұрын мемлекеттік бағдарлама аясында баспаналы болды. Азық-түлік себетін алып, қуанып қалды. Осылай үнемі тиісті әлеуметтік көмекті алып отқан көпбалалы ана Нұрбақыт қайырымды жандарға алғысын жаудырды.

Нұрбақыт БОЛАТОВА, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Әлеуметтік көмек әкімшілік тарапынан беріліп жатыр. Мыңда бір шүкір. Аллаға рақмет. Осындай көмек алып жатқанымызға. Бірінші рет алып жатқанымыз жоқ. Ораза кезінде де алдық.

«Қайырымдылық марафоны» дәстүрге айналған. Екі күнге созылатын акция көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қуаныш сыйлайды. Ұйымдастырушылар барлық астаналықтарды қайырымды іске бірге ат салысуға шақырды.

Р. Бақытжанқызы