Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

«Бейбіт тұрғындар мен полицейлерге ұйымдасқан шабуыл жасалған», - Бас прокуратура

AstanaTV
14.12.2022ж. 20:00
1488
«Бейбіт тұрғындар мен полицейлерге ұйымдасқан шабуыл жасалған», - Бас прокуратура

Қаңтар оқиғасы бойынша 1071 адамға рақымшылық жасалды. Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжановтың айтуынша, 60 адам түрмеден, 68 адам пробациялық бақылаудан босатылған. Сондай-ақ, ол қаңтар оқиғасы кезінде бейбіт тұрғындар мен полицейлерге қарсы ұйымдасқан шабуылдар болғаны туралы да айтты. Олар арматура, таяқ, тас және басқа да құралдарды қолданған. Ал қаруды ұрлау және сақтау фактісі бойынша 519 сотқа дейінгі іс тіркелген. Осы қылмыстар үшін 183 тұлға күдікті деп танылды. 11 адам қамауда. Сотталған 154 адамның 27-сі бас бостандығынан айырылды.

Елдос ҚИЛЫМЖАНОВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БІРІНШІ ҚЫЗМЕТ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бас прокуратура қаңтар оқиғаларын тергеу нәтижелерімен жұртшылыққа жеткізу бойынша жұмысты жалғастыруда. Құқық қорғау органдары 5 мыңнан астам қылмыстық іс тіркеді. Тергеу кезінде 4,5 мың сараптамалық зерттеулер жүргізілді. Жаппай тәртіпсіздікке қатысу және ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі 131 тергеп-тексеру тіркелген. Қылмыс жасау бойынша 931 адам күдікті деп танылды, 96 адам қамауда, 481 адам сотталды.

А. Серік