Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Жамбыл облысында әскери киімдегі адам жұртты жұдырығымен жайпап, белгісіз үйге баса көктеп кіріп төбелес шығарған

AstanaTV
14.12.2022ж. 20:00
1674
Жамбыл облысында әскери киімдегі адам жұртты жұдырығымен жайпап, белгісіз үйге баса көктеп кіріп төбелес шығарған

Жамбыл облысында әскери форма киген ер адам ауыл тұрғындарының үрейін ұшырды. Жолындағы жұртты жұдырығымен жайпап, тіпті белгісіз үйге баса көктеп кіріп төбелес шығарған. Алдынан шыққан әйелді еш себепсіз бетінен ұрып, талдырып, отағасын теуіп құлатқан. Не болғанын түсінбей қалған үй иесі алысып жатып әрең ес жиыпты. Дереу полицейлерге хабар берген.

Т.Рысқұлов ауданында әскери киген ер адам көшедегі көпшіліктің мазасын қашырған. Дүкенге кіріп сатушы келіншекті сабап кетті. Одан соң тағы алдынан шыққан көрші келіншектің көкірегінен теуіп құлатқан. Сосын сол үйге кіріп ойран салыпты.

Азамат ТӘЖИЕВ, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Қызымның әке деген даусын естідім. Сол уақытта жатын бөлмемнен шыққаным сол еді. Әскери киінген біреу көкірегімнен алып бір тепті. Сөйтсем ол үйге кірген бойда бірінші ас бөлмесінде отырған келіншегімді ұрып құлатқан. Одан қашып маған қашқан.

Бұл әскери формадағы азаматтың Луговой гарнизонында келісім шартпен жұмыс істейтіні анықталды. Ол еңбек демалысында болған. Ішімдік ішкені, не есірткі қолданғаны әзірге белгісіз.

Диана МУХАРИНОВА, «ОҢТҮСТІК» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫ ТАРАЗ ГАРНИЗОНЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Тараз гарнизонынының келісімшарт негізіндегі әскери қызметкері өзінің еңбек демалысында тұрғындарға қарсы заңға қайшы әрекетке барды. Тергеп-тексеруден кейін оның алдағы әскери қызметін жалғастыруы, не жалғастырмауы белгілі болады. Ол заңның барлық талаптарына сай жазаланады.

Аталған дерек бойынша Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының Тараз қаласы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Әскери азаматқа қатысты ҚР ҚК 149-бабы 2-тармағымен, яғни бұзақылық бабымен іс қозғалды. Ол енді екі жыл бас бостандығынан шектелуі мүмкін немесе 6 млн теңгеден астам айыппұл арқалайды.

Б. Жұмабай