Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Министрлік «Ұлттық қор – балаларға» бастамасы қашан іске асатынын айтты

AstanaTV
14.12.2022ж. 20:00
1568
Министрлік «Ұлттық қор – балаларға» бастамасы қашан іске асатынын айтты

18 жасқа дейінгі балаларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында арнайы жинақ шоты ашылады. Бағдарлама 2024 жылы іске қосылады. Қазір «Ұлттық қор-балаларға» бастамасын іске қосу тәсілдері пысықталып жатыр. Барлық баланың жеке жинақ шоты болады, оған қаражат жыл сайын аударылады. Шоттардың операторы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры болады.

Тимур ЖАҚСЫЛЫҚОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Жинақталған қаражат кәмелетке толған кезде ғана пайдалануға қолжетімді болады. Келесі жылы жобаны іске қосу үшін қажетті заңнамалық өзгерістер қабылдау жоспарлануда.

Бұған халық дән риза. Балалардың болашағы үшін керемет бастама дейді.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Өте жақсы көмек деп ойлаймын.

- Өте тамаша жағдай көмек қой енді. Жалпы көмек. Мысалға жұмыссыз ата-аналарға.

- Балалардың болашағын ойлау керек, дұрыс шешім.

Б. Сатуов