Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Яндекс.Такси»-ге қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Таксидің тарифіне қатысты шағымданушылар көп. Жауын-шашынды күндері баға тіпті көтерілетін көрінеді. Такси қызметі арқылы табыс тауып жүрген жүргізушілердің әрбір тапсырмасынан 17-20 процент комиссия ұсталатын көрінеді.
Рустам АХМЕТОВ, ҚР БҚДА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Такси нарығын цифрландыру кез келген жағдайда нарықты монополиялауға алып келді. Қызметке сұраныс неғұрлым жоғары болса, оның бағасы соғұрлым артады. Тарифтердің өсуі осыған да байланысты. Дегенмен, бұл нарықта бәсекелестік бар. Қайсы ыңғайлы клиент өзі шешеді.
Такси қызметіне жүргізушілердің өзінің көңілі толмайды. Мобильді қосымшаның кемшілігі көп, халық жиі шағымданады дейді.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Мың теңгеге барсаң, мың теңгеден 21 процент яндексті алып қалады, мысалы 17 процент яндекс болса, 4 процент қазақстанның таксопаркы алады. Ол өте дұрыс емес, кішкене комиссия арзандау болу керек негізі.
- Көп қой ол, жаңа жылдан кейін 26 қыламыз дейді еще. Сонша процент ұстай тұра клиенттердің местопаложениесін дұрыс көрсетпейді, көп жалоба түседі. Отандық неге таксопарк ашпасқа?
А. Базарбай