$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алқабилер 2024 жылдан бастап аса ауыр қылмыстарды қарайды

AstanaTV
15.12.2022ж. 20:00
2344
Алқабилер 2024 жылдан бастап аса ауыр қылмыстарды қарайды

Енді аса ауыр қылмыстар алқабилер сотында қаралады. Бүгін бұл заң жобасы сенатта қаралып, президенттің қол қоюына жіберілді. Түзетулер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Сенаторлардың сөзінше, соңғы үш жыл ішінде алқабилер қатысуымен қаралған 130-істің 14-іне ақтау үкімі шығып, тек үшеуіне ғана апелляциялық шағым болған. Депутаттар алқабилердің қарауына жататын істер бойынша сотқа дейінгі тергеудің сапасы әлдеқайда жоғары екенін айтады. Елімізде бұл жүйенің енгізілгеніне 15 жыл болған.

Нұрлан БЕКНАЗАРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

2024 жылдың 1-қаңтарынан бастап біздің еліміздегі осы алқа билер сотының қарауына жататын істердің, қылмыстық істердің құрамы 44-ке жетеді. Яғни, ол өз кезегінде осы адам құқықтарын қорғау, конституциялық бостандықтарымен өздерінің құқытарын қамтамасыз етуде.

А. Задабек