Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Айғаным ауылының тұрғындары балаларын мектепке 20 мың теңгемен тасымалдайды

AstanaTV
15.12.2022ж. 20:00
2051
Айғаным ауылының тұрғындары балаларын мектепке 20 мың теңгемен тасымалдайды

Алматы облысындағы Айғаным ауылында мектеп жоқ. 1500 жуық бала көрші елдімекенге қатынайды. Таксимен. Өйткені, автобус жоқ. Бұл ата-аналарға қиын боп тұр.

Әйгерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ:

Бала көп. Мектеп жоқ. Алматы облысындағы Қайнар ауылдық округінің тұрғындары балаларын өзге аудан мектептеріне тасымалдап оқытуға мәжбүр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, билік өкілдерінің мектеп саламыз дегеніне 7 жылдан астам уақыт өтті.

Ерлік ӘБДІРАХМАН, АЙҒАНЫМ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Осы жерде, міне, мектептің орны деп анықталған жер, 2 де 2 гектар жер екен. Гос актысы алынған, бірақ 10 жылдан бері әлі мектеп салынудың ешқандай құрылыс дайындықтары көрініп жатқан жоқ.

Балалар көрші ауылға таксимен барады. Бірақ оның құны қымбат.

Күләйша ӘЛЖАНОВА, АЙҒАНЫМ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Менде қазір 3 немере бар мектепке баратын. Әр үйден 5 баладан шығады дейді. Солардың бәрі таксимен қатынайды дейді. Такси әр балаға 20 000-нан дейді. Ата-анаға да обал, балаға да обал.

Тұрғындардың бармаған жері, қақпаған есігі жоқ. Күні кеше облыстық әкімдіктің табалдырығын кешке дейін күзетіпті. Ал әкімдік бұл мәселе келер жылы қолға алынады дейді.

Нұрбол ЕСЕНБАЕВ, ҚАЙНАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Округ тарапынан, аудан тарапынан білім басқармасына сұраныстар берілген, қосымша автобусты қарастыру. Енді үшінші тоқсанға жоспарда тұр 2023 жылдың бірінші жарты жылдығына уже қамтамасыз ету жоспарда тұр

Келер жылы сондай-ақ, ауылдық округте үш мектептің құрылысы басталмақ. Қазір оған қажетті қаражат есептеліп, мердігер компания анықталып жатыр.

Ә. Пернебек