Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қант диабетіне шалдыққандардың дені - жастар

AstanaTV
15.12.2022ж. 20:00
1350
Қант диабетіне шалдыққандардың дені - жастар

Елімізде қант диабетіне шалдыққандар саны күрт өскен. Әсіресе, бұл аурумен әлек болғандардың дені - 40 тан асқан азаматтар. Бұлай жалғаса берсе, ақыры неге апарады? Тілшіміз Дәрібек Бахытбектің бейнематериалы.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Жатып алып жеу жанға жайлы болғанымен, ағзаға ауыр. Себебі, ақ халаттылардың айтуынша, жантайып жеген ас дұрыс қорытылмайды, адамның артық салмақ жинауына әсер етеді. Ал артық салмақ ол айықпас ауруға шалдықтыруы мүмкін.

Эндокринолог Жәмила Гумарованың айтуынша, ол күніне 30 дан аса науқас қабылдайды. Қаралуға келетіндердің көбі 40 тан асқан азаматтар дейді.

Жәмила ГУМАРОВА, ЭНДОКРИНОЛОГ:

Әрбір адамның өзінен зависит, если ол кісі врачтардың айтқан уақытында қабылдап берген дәрілерін уақытылы қабылдап тұрса. Уақытында келіп тұрса, онда асқыну азаяды.

Артық салмақ қосып, қант диабетіне шалдыққандардың бірі - Биғайша. Оның бұл аурумен әлек болып келе жатқанына 7 жыл. Алғашында байқамадым, арнайы дәрігердің қарауынан соң білдім, бірақ әлі сене алмаймын дейді ол.

Биғайша ҒИНОЯТҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Скрининг өттік. Сол жерде маған сахардың өлшемі 8-ден өтіп 10 болғанын, бірінші рет тапсырдым ғой енді, қорқып қалдым. Содан бірден маған диета берді сондай трава деп. Болмаған соң 7 жылдан бері тіркеуде тұрам 2 ші тип болып.

Қазір халықтың көбі тез дайындалатын өнімдер мен энергетикалық сусындарға құмар. Оған түрлі дәмдеуіштер қосылғандықтан, ол семіздікке әкеледі.

Арай ӘМІРЕ, ДИЕТОЛОГ:

Кез-келген тамағымыздан міндетті түрде қантты азайтуымыз керек. Сондықтан біз көбінесе мынау жасыл көкөністерді, жеміс-жидектерді яғни өсімдік тағамдарын көбірек тұтынуымыз керек. Және өсімдік тағамдарын көбірек тұтынумен қатар біздің тағамымызда дұрыс пайдалы өсімдік майлары көбірек болу керек.

Ресми деректерге сүйенсек, 2006 жылы елде 151 мың науқас болса, 2013 жылы 225 мың адам тіркелген. Ал қазір бұл көрсеткіш 400 мың шамасында.

Д. Оңласын