Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Астанада «Тәуелсіздік – ұлт рухының діңгегі» атты шара өтті

AstanaTV
15.12.2022ж. 20:00
1152
Астанада «Тәуелсіздік – ұлт рухының діңгегі» атты шара өтті

Тәуелсіздік ұғымы, ең алдымен, жастардың санасына берік орнығуы керек. Елордада «Тәуелсіздік – ұлт рухының діңгегі» атты жиын өтті. «AMANAT» партиясы ұйымдастырған шарада студенттер мен зиялы қауым өкілдері бас қосты. Оқығаны мен тоқығаны көп аға буын өкілдері жастармен тағылымды әңгіме өрбітіп, тарихтан сыр шертті.

Аманжол ӘЛТАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Барша қазақстандық халқымызды осы бүгінгі ерекше құнды, қастерлі мерекемен құттықтаймын. Дәл осы күні жастармен кездесу, жастармен сырласу, сұқбаттасу өте маңызды. Өйткені біз жастарымызды өзіміз тәрбиелемесек, өзіміз әңгімелеспесек, бағыт-бағдар бермесек, кім береді?

А. Серік