Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

«AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» Жастар қанаты Тәуелсіздік күніне орай бірқатар шара өткізді

AstanaTV
15.12.2022ж. 20:00
2546
«AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» Жастар қанаты Тәуелсіздік күніне орай бірқатар шара өткізді

«Тәуелсіздік – ұлт рухының діңгегі». Осындай атаумен «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» Жастар қанаты Тәуелсіздік күніне орай бірқатар шара өткізді. Бас қаладан бастау алып, Алматы, Қарағанды облыстарында жалғасты. Жастар Тәуелсіздік жолында құрбан болған азаматтарға тағзым етіп, құрмет көрсетті.

Елорда жастары алдымен Алаш арыстарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, құрбандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Егемендік жолында қыршын кеткен азаматтарға құрметін осылай көрсетті.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Бұндай іс-шара еліміздің әрбір аудан қаласында, облыс орталығында жас рухтастар ниеттес азаматтармен өткізілетін болады. Негізгі мақсаты, әрине, тарихты ұмытпау.

Жастар қанатының белсенділерімен өткен кездесу барысында қонақтар желтоқсан оқиғасы жайында сөз қозғап, тарихтан сыр шертті. Оларға арналған өлең шумақтары оқылып, поэзия кешіне ұласты.

Мирас АСАН, ЖАС АҚЫН:

Бақыт бағасын білгеннің ғана басында тұрақталады. Біздің негізгі міндетіміз ол жастар болып,осы тәуелсіздігімізді сақтап қалу. Тек қана сақтап қалу емес,елімізді дамыту. Сондықтанда осы іс-шаралардың осындай кеңістікте өрбіп жатса, шын мәнісінде оның маңызы зор болады.

Алматыдағы монумент 1986 жылы алаңға шыққан жастардың құрметіне қойылған. Шаһардың белсенді жастары тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтарды еске алып, рухтарына тағзым етті.

Хамза БЕРДЕН, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Тарих – тағылым, тарих – ғибрат. Біз тарихтан ғибрат ала отырып, бүгін жастар болып, гүл шоғын қойып, ата- бабамызды еске алып отырмыз. Бұл жастардың өзінің тарихына, өзіні болашағына деген құрметінің белгісі.

Дәл осындай шара Қарағанды облысында да ұйымдастырылды. «AMANAT» партиясының «ЖАСТАР РУХЫ» жастар қанаты белсенділері өткенге құрмет көрсету, біздің міндетіміз дейді.

Ержан ХАМИТОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Тәуелсіздік жолында егемендік жолында құрбан болған ата-бабаларымызға тағзым ете отырып, тәуелсіздік монументі алдында гүл шоқтарын қойып,бір минут үнсіздік жариялап бабаларымызға тағзым етттік. Бұл тәуелсіздік біз үшін қадірлі, қастерлі.

Осылайша жас рухтастар еліміздің түкпір-түкпірінде тарихқа тағзым жасады. Бұл өз кезегінде өскелең жастар үшін үлгі дейді, - ұйымдастырушылар.

Б. Сатуов