Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қызылордада санитар мамандарға жаңа көліктердің кілті табысталды

AstanaTV
15.12.2022ж. 20:00
1192
Қызылордада санитар мамандарға жаңа көліктердің кілті табысталды

Қызылордада санитар-эпидемиологтардың қызметтік көліктері 20 жылдан бері жаңаланбаған. Тіпті кейбір басқармаларда мүлде көлік жоқ болатын. Енді бұл мәселенің шешімі табылды. Cала қызметкерлеріне жаңа темір тұлпардың кілті табысталды.

Қызметтік көлік аймақтағы санитар мамандардың көптен қордаланған мәселесіне айналған. Олар тозығы жеткен көліктермен шалғайдағы ауру ошақтарына әупірімдеп жететін. Ал кейбірі ескісіне де жарымай отыр еді. Бүгін көптен күткен темір тұлпарлардың кілті табысталды.

Гүлнар ТӨЛЕПБЕРГЕНОВА, ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Пандемияның кезінде біздің мамандар көпшілік қиыншылықтар көрді. Қашықтығы 400 км-ге дейін орналасқан шалғай ауылдар бар. Солардың бәріне, ошақтарда жұмыс істеу шамасы өте қиыншылық туғызды. Қазіргі таңда осы жаңа автокөліктер өзінің көмегін көрсетеді деп ойлаймын.

Республикалық бюджет есебінен еліміздің барлық өңіріне 132 қызметтік көлік алынған. Соның 9-ы қызылордалық мамандарға бөлінген.

Әлия ЖАҢАБЕРГЕНОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Ковид, пандемия кезінде бізде сала мамандары күндіз-түні жұмыс жасаған кезінде бізде автокөлік болмай, автокөліктерді жалдап солай жұмыс жасаған болатынбыз. Бұл автокөліктер біздің санитарлық эпидемиологиялық, паразитарлық ошақтарда жұмыс істеуге,мамандардың жұмыс істеуіне үлкен үлесін қосады.

Келесі жылы аймақта аталмыш сала қызметін нығайтуға ден қойылмақ. Соның негізінде бірнеше аудандағы басқарма ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

М. Тоқтасынқызы