Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Елордада «Желтоқсан желі ызғарлы» атты көрме өтті

AstanaTV
15.12.2022ж. 20:00
2548
Елордада «Желтоқсан желі ызғарлы» атты көрме өтті

Елордада «Желтоқсан желі ызғарлы» атты көрме өтті. Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге бағытталған көрмеде Желтоқсан көтерілісіне қатысты архивтік құжаттар, фотосуреттер мен өзге де жәдігерлер қойылған. Биыл ызғарлы желтоқсан оқиғасына 36 жыл.

Мақпал ОРЫНБЕТОВА, ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Бұл күн мен үшін, азапты, ауыр күн болуы мүмкін. «Тәтті» күн болуы мүмкін. Себебі, соңы тәуелсіздікпен аяқталған күн. Ал, бірақ тәуелсіздікке дейін, төккен көздің жасы, алаң көңіл деген сияқты оның барлығы кеудеде тұр. Соны айтамыз кездескен жерде. Неге айтамыз? Өйткені, өткеннен сабақ алу үшін айтамыз.

Асылжан БӘКІРОВ, СТУДЕНТ:

Бізден кейінгі жастар ұмытуы мүмкін. Бірақ оған себеп көз болатын, ол қазіргі жастар. Сондықтан біз Қазақстанның жастары оны есімізде сақтап, оны ұмытпай өзіміздің ұрпағымызға үйретуіміз керек.

Р. Бақытжанқызы