$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбе жол апатынан зардап шеккен балалардың ата-аналары кінәлілердің қатаң жазалануын талап етуде

AstanaTV
19.12.2022ж. 20:00
1737
Ақтөбе жол апатынан зардап шеккен балалардың ата-аналары кінәлілердің қатаң жазалануын талап етуде

Ақтөбеде жарысқа бара жатып, жол апатына ұшыраған спортшы балаларға қатысты үш бірдей қылмыстық іс қозғалды. Осы оқиғаға қатысты көлік жүргізушісі мен спорт мектебінің басшылығы жауапқа тартылуы мүмкін. Зардап шеккен балалардың ата-аналары кінәлі жандардың жазалануын талап етуде. Тілшіміз тарқатады.

Жол-көлік оқиғасы 17 желтоқсан күні болды. Темір ауданы Шұбарқұдық елді мекенінен облыс орталығына волейболдан жарысқа бет алған автокөлік аударылды. Көлікте тоғыз бала мен екі ересек адам болған. 12 жастағы бір оқушы оқиға орнында қаза тапты. Қалған сегіз бала қазір облыстық балалар ауруханасында жатыр.

Рүстем ИСАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Үшеуі өз есіңе келді. Операция жасалды. Екеуі ИВл жатыр. Жасанды өкпе желдеткіште бірақ положительный динамика бар. Неврорлгия бірақ оларды медикаментозный сонмен 4-5 күндей ұстаймыз. Бас ми жарақатына покой керек.

Бүгінде бес балаға ота жасалған. Олар жансақтау бөлімінде. Ал үш бала жалпы хирургия бөлімінде ем алып жатыр. Олардың жағдайы бір қалыпты. Ал 21 жастағы жаттықтырушы әлі комада жатыр. Жағдайы өте ауыр дейді дәрігерлер. Бұл балалардың ата-аналары бұған дейінгі жарыстарға өз қаржыларымен жіберіп отырған. Алғаш рет спорт мектебі өздері апарыпты.

Бибінұр КӘРІБАЕВА, АТА-АНА:

Бүткіл басшылар кінәлі әкімнен бастап. Біліп тұр уже бұл жаққа ескертілген. Сопрождение жіберір қамтамасыз ету керек қой. Мал емес қой. Тоғыз баланы бірдей тиеп алу мүмкін емес қой. 11 адамды тиеп алған. Жеті орындыққа. Бізге мысалы балдардың айтып келгені ағай екі машинамен шығамыз деп айтты. 16 шығатын балалар 17 шығып тұр. Мысалы. 140 пен жүрген балдар шошынған ояу болған балалар айтып жатыр.

Зардап шеккен балалардың ата-аналарының барлық спорт мектебінен бастап шенеуніктерге өкпесі қара қазандай. Тіпті балалар жол апатына ұшарағанын ата-аналарына өздері хабарласып айтқан көрінеді. Ал шенеуніктер өздеріне шан жуытар емес.

Евгений ГОНЧАРОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Мұндай жағдай бізде алғаш рет болып отыр. Бұл жағдайды біз қазір анықтап жатырмыз. Балалардың қауіпсіздігі үшін спорт мектебінің басшылары жауап береді. Сондықтан олармен жоспарлы жұмыстар жүргізіп келеміз.

Бұл оқиғаға қатысты үш бірдей қылмыстық іс қозғалған. Көлік тізгінінде болған спорт мектебінің директорының орынбасары қамауға алынды. Полицейлер жүргізушінің ұйықтап кеткендігін айтты.

Ғалым БАЙЖАНОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қылмыстық іс бойынша жүргізуші қамауға алынды. 371 бабы 2 бөлігімен салғырттық және 141 бабымен балалардың өмірімен денсаулығының қауіпісіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндетті тиісінше орындалу бойынша сотқа дейіңгі тергеу басталды.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

Қазір оқиғаға қатысты тергеп, тексеру амалдары жүріп жатыр. Жалпы талап бойынша жарысқа шыққан бала тиелген көлікке жол полициясы еріп жүру керек екен. Оған тәжірибелі жүргізуші және арнайы көлік бөлінуі тиіс. Ақтөбеде 38 спорт мектебі бар. Олардың тек 9-ның балалар тасымалына арналған өз көлігі бар екен.

Б. Рахметова