Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қызылордада 17 жастағы жігіт көпірден секіріп кетті

AstanaTV
19.12.2022ж. 20:00
1468
Қызылордада 17 жастағы жігіт көпірден секіріп кетті

Қызылордада 17 жастағы жігіт көпірден секіріп кетті. Оқиға Сырдария өзенінің үстіне салынған көпірде орын алған. Түн жарымында жігіт өткелден секіріп, мұздың үстіне түскен. Өкінішке орай, ол оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ:

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабының 3-бөлігімен, яғни өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегімен сотқа дейінгі тергеп, тексеру амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

М. Тоқтасынқызы