Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Кентау қаласының тұрғыны атыс қаруларын алып жүрген

AstanaTV
19.12.2022ж. 20:00
2720
Кентау қаласының тұрғыны атыс қаруларын алып жүрген

Түркістан облысы тұрғынының көлігінен винчестер табылды. Кентаулық жас жігіт тізгіндеген темір тұлпарды тексеру кезінде автокөлік салонында одан бөлек екі шолақ мылтық болған. Кентау қаласының полиция қызметкерлері түнгі уақытта «Мерседес» маркалы автокөлікті күдік тудырғаннан соң тоқтатқан. Жергілікті азаматтың үш бірдей атыс қаруын өзімен бірге алып жүруінің себебі анықталып жатыр.

Бағлан ЯНКИН, КЕНТАУ қ. ПБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аталған оқиға бойынша қазіргі таңда ҚР ҚК 287-баптың 3-ші бөлігіне сәйкес тергеп-тексеру жүргізілуде. Сот баллистикалық сараптама тағайындалды.

А. Төребекқызы