Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Павлодарда қоғамдық көлік жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты

AstanaTV
19.12.2022ж. 20:00
1384
Павлодарда қоғамдық көлік жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты

Павлодарда қоғамдық көлік жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты. Олар электронды төлем жүйесіне қарсы. Өйткені, тапқан табысының бір бөлігінен комиссия ұстап қалады екен. Онсызда күнімізді әрең көріп жүрміз - деген жүргізушілер жұмысқа шықпай қойды. Соның кесірінен мыңдаған қала тұрғыны діттеген жеріне жете алмай, сақылдаған аязда аялдамаларда сағаттап автобус күтуге мәжбүр.

Бұл қаладағы шағын автобус жүргізушілерінің жанайқайы. Олар бүгін жұмысқа шығудан бас тартты. Өйткені 1-желтоқсаннан бастап енгізілген электронды төлем жүйесіне қарсы.

Файзулла ҚУАНОВ, ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ:

80 теңгеден 6 процент алып қояды. Оны обналичить етеміз. Переводтан банктен тағы алады. Ертең одан тағы налог төлейміз. Машина сынады. Семьялары бар түгелінің. Көбінің кредиті бар не говоря 70 процент.

Дәурен МҰҚАТАЕВ, ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ:

Қалада машина қалған жоқ. Шоферлер жұмысты тастап, кетіп жатыр. Өйткені, ақша жоқтықтан, бізде машинаны қамтамасыз ететін ақша жоқ. Элементтарно, солярка құюға ақша жоқ шоферлерде. Солярканы қазір каспий редпен құйып жатыр.

Электронды төлем жүйесіне қосылғалы қоғамдық көлік жүргізушілері жапппай жұмыстан кеткен. Сөздерінше, жаңа төлем жүйесі жүргізушілердің қалтасын қаққан. Табыстан шығын көбейді, деп отыр.

Арман ІЛИЯСОВ, ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ:

Валидаторлар шыққалы уже не выгдно жүруге. Проезді сұрадық 100 теңге қылсын - деп. Ешкім көтермеді. И процент көп ұстайды. 6 процент анда төлейміз. Паркке төлейміз. Графикке төлейміз ежемесячно. Сол үшін кетіп қалдық маршрутттан.

«Ал жүргізушілер жұмысқа шықпаймыз» деп ереуілдетіп жатқанда, қараша халық аялдамаларда сағаттап автобус күтті. Жұмысы мен оқуынан кешіккендер таксимен баруға мәжбүр болды.

Күлбәйрам ҮМІТОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жарты сағат болды, міне. Тізіліп былай өтіп жатыр бәрі. Адамдардың кінәсі қанша? Үлкен кісілер, балалар. Бүгін қайта күн кішкене жылы. Аяз болса.

Жиналғандар арасына келген қала әкімдігінің өкілдері мәселені шешеміз деп жүргізушілерді сабырға шақырды.

Қайырболат НАЙМАНОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ТҮКШ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Біз қазір таксопарктің басшыларымен сөйлесетін боламыз. Жүргізушілермен келіссөз жүргізіп, шағын автобустарды қайтадан жұмысқа шығарамыз. Бұл мәселені жүргізушілермен дөңгелек үстел басында жиналып, шешеміз.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Қала әкімдігі 26-желтоқсанда барлық жүргізушілерді шақырып, мәселесін тыңдамақ. Ал ол кезде де түйткіл шешілмейтін болса, жүргізушілер мүлдем жұмыс істемейміз деп тарасты.

Ө. Қуанар