Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Алтын бағасы 38% қымбаттады

AstanaTV
19.12.2022ж. 20:00
2279
Алтын бағасы 38% қымбаттады

Елімізде зергерлік бұйымдар қымбаттады. Әсіресе, жастардың махаббат символына баланатын неке жүзіктері 38%-ке өскен. Алайда алтын алушылар азаймаған. Бағаның шарықтауының себебін тілшіміз Дәрібек Бахытбек анықтап көрді.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Екі жастың отбасылық өмірге қадамы осылай неке жүзігін тағудан басталады. Серттің символы саналатын бұйымның бағасы баяғыдай емес. Қымбаттап кетті.

Бұл сөзімізді әшекей бұйым сатушы Гүлнұр қолдай кетті. Бірақ алтын алушылар азаймапты. Әсіресе, неке жүзігін алатын жастар көбейген. Күніне шамамен 4-5 жүзік сатады.

Гүлнұр ҚОҢЫРБАЙҚЫЗЫ, САТУШЫ:

Алтын қатты өскенде де бізде жастардың талғамында неке сақинасы әр ретте болды. Олар алды. Меніңше көрсеткіш жоғары деп ойлаймын. Алтын көбінде некеленетін екі жастан әйел адамға іздейді, қызға іздейді. Күмістін неке сақинасын сол ер адамға іздейді.

Ресми дерекке сүйенсек елорда да жылына 10 мыңнан асс отау құрылады. Алайда, кейбір жас отбасы неке жүзігін тағуды құптамайтын көрінеді.

Анара ЕГІЗЕК, АСТАНА қ. ЕСІЛ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ АХАТ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Бұрындары ерте үйленіп некелесатын. Қазіргі таңда керісінше, жан-жақты салмақтап, саралап ақыл тоқтатқан кезде отау құрады. Өткен жылы 10 мың неке қиылса, биыл 9 мыңнан асады. Шамамен1500-ға жуық отбасы ажырасады. Алтын неке жүзігін тағушылар бұрғыға қарағанда азайған. Әсіресе, ер азаматтар арасында.

Сарапшылар алтынның қымбаттығы экономика үшін тиімді дейді. Алтын валюта резервін көбейтіп қана қоймай, теңгенің тұрақтылығын сақтайтын көрінеді.

Сапарбай ЖОБАЕВ, ЭКОНОМИСТ:

Біз мәселен Қазақстан алтын вальюта резерві бар дедік ғой. Ол біздің сол резервімізді көбейтеді. Мәселен жаңағы 380 тонна алтынымыздың бағасы бүгінгі күнде бір 21 млрд доллар болса ертең бағасы өссе онымыз бір 22-24-25 млрд долларға өсіп кетуі мүмкін. Сонда біздің алтын вальюта резервімізда ұлттық банкте көбейеді.

Айта кетейік, елдегі алтынның өсу көрсеткіші жоғары. Республиканың солтүстігінде 71,6%, Шығысында 49,9%, ал оңтүстіктегі Түркістан облысында 22,3% құраса, Батыс Қазақстанда 10,7%-ға өсіп отыр.

Ең бастысы бақыт алтында емес, отбасылық құндылықта екенін ұмытпайық.

АЛТЫННЫҢ БАҒАСЫ:

СҚО 71,6%

ШҚО 49,9%

Түркістан облысы 22,3%

БҚО 10,7%

Д. Оңласын