Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Mudarabah Capital басшысы зардап шеккен салымшыларға қаражаттарын қайтаратынын айтты

AstanaTV
21.12.2022ж. 20:00
1321
Mudarabah Capital басшысы зардап шеккен салымшыларға қаражаттарын қайтаратынын айтты

Алматыда атышулы Mudarabah Capital қаржы пирамидасының қылмыстық ісі бойынша алдын ала сот тыңдалымы өтті. Сотқа 12 айыпталушы мен зардап шеккен салымшылар қатысты. Тағы екі айыпталушыға халықаралық іздеу жарияланды. Қаржы пирамидасын танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов жарнамалаған. Алайда, олар «Қаржы пирамидасын құру және басқару» бабы бойынша күдікті болып танылған. Сотталушылар және олардың қорғаушылары мұнымен келіспеді. Олар көптеген заңбұзушылықтар орын алғанын айтып, істі қайта қарау жөнінде өтініш білдірді. Сонымен қатар, қаржы пирамидасының басшысы Руслан Бурканов салымшылардың желге ұшқан ақшасы жақын арада толығымен қайтарылады деп мәлімдеді.

Руслан БУРКАНОВ, «MUDARABAH CAPITAL» ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Компания клиенттерінің алдында кешірім сұраймын. Салымшылардың қаражаттары толығымен қайтарылады деп уәде беремін. Сондай-ақ бұл іске тікелей қатысы бар адамдар, яғни, Алмаз Құрманғалиев, Шыңғыс Құрманғалиев, Данияр Рахимов жауапқа тартылсын. Мәселенің анық-қанығын біліп, қайта тексерулеріңізді сұраймын.

М. Жақан