Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Павлодарда 6 жасар бала өртеніп кетті

AstanaTV
21.12.2022ж. 20:00
1081
Павлодарда 6 жасар бала өртеніп кетті

Павлодарда тағы бір бала өрттен қаза тапты. Қайғылы оқиға облыс орталығындағы жеке меншік үйлердің бірінде болған. 5 бөлмелі пәтер толығымен жанып кетті. Өрт сөндіру кезінде үйден 6 жастағы баланың мүрдесі табылды.

Тілекжан ГАЛЯМОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ТЖ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Оқиға орнында сараптама мамандары жұмыс істеуде. Алдын ала болжам бойынша өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан басталған. ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабына сәйкес өрт қауіпсіздік талаптарын бұзу бойынша іс қозғалып отыр.

Өрттен 2 адам зардап шекті. 39 жастағы әйел уланып қалған. 60 жастағы үй иесінің аяғы күйіпті. Қазір ауруханада ем алып жатыр. Естеріңізге салайық, күні кеше ғана Тереңкөл ауданында да үй өртеніп, атасы мен немересі қайтыс болды. Жыл басынан бері кәмелетке толмаған 3 бала өрттен көз жұмды.

Ө. Қуанар