Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды

AstanaTV
21.12.2022ж. 20:00
837
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды. Мемлекет басшысын Ташкент халықаралық әуежайында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды. Президент Ташкент қаласының «Янги Узбекистон» саябағындағы «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоғын қойды. Монумент былтыр Өзбекстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай орнатылған. Ескерткіште өзбек халқының тарихындағы ең маңызды оқиғалар мен белгілі мемлекет қайраткерлерінің, қолбасшылары мен ғалымдарының бейнелері кескінделген. Екі күндік сапар аясында Өзбекстан Президентімен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізу, бірқатар келісімге қол қою жоспарланған.

М. Қалиасқар