Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Ақмола облысында 16 ауылдың тұрғындары көгілдір отынның игілігін көріп отыр

AstanaTV
21.12.2022ж. 20:00
1059
Ақмола облысында 16 ауылдың тұрғындары көгілдір отынның игілігін көріп отыр

Биыл Ақмола облысының 7 мың тұрғыны таза ауыз сумен қамтылса, 16 ауылға көгілдір отын жетті. Мың шақырым жол жөнделіп, тұрғын үй құрылысы қарқын алды. Жылу қазандықтарының қуаты артып, қондырғылар жаңартылды.

Ақмола облысында биыл жылыту маусымына тыңғылықты дайындық жүргізілді. Ол жұмыстар туралы облыс әкімінің орынбасары айтты. Бұл мақсатқа 11 миллиард теңге бөлінді. Оның бір жарым миллиардына облыстағы 8 жылыту қазандық жаңғыртылды. Ал келесі жылы тағы бір ірі жоба іске асады.

Малғаждар ТӘТКЕЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жылумен жабдықтау обьектілерінің жұмыстарын жаңғыртып қана қоймай, күшейтілетін болады. 2023 жылы орталықтандырылған жылумен жабдықтау соңғы 30 жылда болмаған Шортанды ауданы Дамса ауылында жалпы соммасы жеті жарым миллиард теңгеге құрылыс басталады. 2023 жылдың бірінші іске қосу кешенінін салуға 1 миллиард теңге бөлінді.

Өңірде тұрғын үй құрылысы да қарқынды жүріп жатыр. Биыл 55 үйдің құрылысы басталды. Бұл үйлер ел игілігіне берілген кезде 2 мыңнан астам тұрғын қоныс тойын тойлайды.

Малғаждар ТӘТКЕЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

2022 жылы Ақмола облысының барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 620 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл мақсатта бюджеттен 10 миллиард 300 миллион көзделген. Оның ішінде жалға берілетін тұрғын үйге бір жарым миллиард теңге, кредиттік тұрғын үйге алты жарым миллиард бөлінді. Инженерлік желілерге бір миллион төрт жүз мың бөлінді.

Қазір Көкшетауда салынатын жылу электр станцияның құжаттары әзірленіп жатыр. Жоба құны – 240 миллиард теңге. Айта кетейік, соңғы 5 жылда облыстығы энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласына бөлінген қаржы көзі екі жарым есе өсіп, 42 миллиард теңгеге жеткен.