Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталы 84-ке қараған шағында өмірден озды

AstanaTV
21.12.2022ж. 20:00
1022
Мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталы 84-ке қараған шағында өмірден озды

Мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталы 84 жасқа қараған шағында дүние салды. Белгілі ғалым қазақтың рухани әлемін байыту үшін үлкен еңбек сіңірді.

Мемлекет басшысы аса көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің II және III шақырылымдарының депутаты Амангелді Айталының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Амангелді Әбдірахманұлы ұзақ жылдар бойы білім және ғылым саласында жемісті жұмыс істеді. Соның ішінде Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында жоғары білікті мамандар даярлау ісіне мол еңбек сіңірді. Мәжіліс депутаты болған кезінде отандық заңнаманы жетілдіруге және парламентаризмді дамытуға атсалысты. Қажырлы қызметімен еліміздің өркендеп дамуына өз үлесін қосып, соңына жарқын із қалдырған Амангелді Әбдірахманұлының есімі мен бейнесі ұмытылмайды.

Амангелді Айталы 1939 жылы 10 қыркүйекте Астрахан облысы Володар ауданы Болдырево ауылында дүниеге келген. Ал жоғарғы оқу орнын Ақтөбеде оқыды. Көп жылдар бойы еліміздің оқу-ағарту саласында елеулі еңбек етті. Мыңдаған шәкірт тәрбиеледі.

Үмбетхан СӘРСЕМБИН, Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ:

Амангелді ағаның рухани мұраларының ішінде тіл мәселесі ұлт руханиятына байланысты, соның ішінде ұлттану мәселесі ғылымдағы ағайдың өзінің үлес қосқан негізгі бағыттарының бірі. Амангелді ағайдың еңбегі еш уақытта ұмытылмайды. Ол кісі әлі қоғамға, келер ұрпаққа берері көп еді.

Амангелді Айталы өзіндік пікірі бар, көзқарасын батыл айтатын азамат ретінде ерекшеленді.

Рақым БЕКНАЗАРОВ, Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ:

Қазақстанның егемендігіне байланысты алғашқы заңдардың өзіңде өз қолтаңбасы бар екенін біздер көріп отырмыз. Одан қалды біздің білім, мәдениет саласында болсын, соның ішінде қазақ тілі мәселесін де көтерген ағаларымыздың бірі. Біздің осы университтетте қай шаруа болмасын стартегиялық жұмыстан бастап, өз тіршілігімізде өмірімізде ғылыми кеңес басқа ақыл алатын ақыл беретін шынайы критика жасап отырған ағаларымыздың бірі еді.

Қайраткер, ғалым, ұстаз. Осы қасиеттерді бойына тоғыстырған Амангелді Айталының ғылымда да өзіңдік ізі қалды. Ол бірнеше кітаптың жүздеген ғылыми мақалалардың авторы.

Б. Рахметова