Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Алматыда жүргізуші куәлігін алу үшін 1-2 ай кезекте тұру қажет

AstanaTV
22.12.2022ж. 20:00
1192
Алматыда жүргізуші куәлігін алу үшін 1-2 ай кезекте тұру қажет

Алматыда жол көлік оқиғасы, оның ішінде соңы адам өлімімен аяқталатын апат көбейген. "AMANAT" партиясының мүшелері мен автомектептердің өкілдері халыққа қызмет көрсету орталықтарына мониторинг жүргізді. Бірқатар келеңсіздік анықталды. Екі миллион тұрғыны бар Алматыда "В" санатына практикалық емтихан тапсыру үшін бар жоғы 7 көлік қарастырылған.

Жүргізуші куәлігін алғысы келетіндер өте көп. Бірақ, олар теориялық емтихан тапсырып болған соң, тәжірибелік сынақтан өтуі қиын. Себебі, көлік жетіспейді. Жұрт кезекті бірнеше айлап күтуге мәжбүр.

Мая МӘМЕДОВА, АВТОМЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

Адам, егер бүгін ережелерді тапсырса, ол бүгін көлік жүргізуге емтихан тапсыруы керек. Ал бізде адам көп болғандықтан автотехникалық халыққа қызмет көрсету орталықтары игере алмай жатыр. Өңірлердегі кейбір орталықтар дұрыс жұмыс істемейді, сондықтан адамдар Алматыға тапсыруға келеді.

Тұрғындар осы жеті жеңіл көлікпен ғана өз дағдыларын дамытып, жүргізушілікке машықтанады. Алдын алу шаралары мен тексерістің дұрыс болмауы сыбайлас жемқорлыққа алып келеді, - дейді мамандар.

Қоныс ЖОЛДАС, АВТОМЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

Коррупцияның себебі – ол жерде өздігінен дайындалған оқушылар келеді де Алматыға 200-300 км мысалы үшін, Алматы облысынан, Талдықорғаннан келіп, осы жерге емтихан тапсыруға келеді. экзамен тапсыра алмағаннан кейін ол үйіне тағы да 200 км ауылына бару керек болады, бір аптадан кейін емтихан тапсыру керек болады. Ал енді ол бармауға тырысады. енді ол қайта-қайта жүрмейді ғой ары-бері. сондықтан ол осы жерде шешіп кетуге тырысады. жолдарын іздейді емтихан тапсырудың. сосын осы жерде жүрген арасында көмекшілерге жүгінеді

Жүргізушілердің өзін - өзі даярлауын заңнамалық деңгейде алып тастау қажет, - дейді "AMANAT"партиясының мүшелері. Ондай жүргізушілер көлікті дұрыс меңгермейді, апаттың бір себебі- осы.

Ерболат ҚАСЫМОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "АMANAT" ПАРТИЯСЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:

Өлімге әкелген дтп-ң ішінде 40% стажы аз жүргізушілер жасайды екен. Соны қазір зерттейміз. Мына спеццонның өзі біраз проблемалар бар мына отырған балалардың жалақысы өте төмен 120 мың теңге, оған қазіргі таңда кім істейді. Және мына теориялық экзамен тапсырғаннан кейін 1-2 ай практиканың емтиханын күтеді сол кезде мына жемқорлыққа итереміз, өзіміз итереміз.

Саладағы мәселелерді "AMANAT" партиясы бақылауға алды.

Ә. Пернебек