Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Мұнай өндіруші ұйымдар Мемлекет басшысына жүгінді

AstanaTV
22.12.2022ж. 20:00
1353
Мұнай өндіруші ұйымдар Мемлекет басшысына жүгінді

Мұнай өндіруші ұйымдар Мемлекет басшысына жүгінді. Бұл туралы "AMANAT" партиясы жанындағы Мұнай-газ саласы комитетінің отырысында айтылды. Олар Энергетика министрлігінің барлық компанияларды "ҚазМұнайГаз" бен "PETROSUN" арқылы өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жеткізуді міндеттеу бастамасына алаңдайды. Өз кезегінде "QazaqGaz" компаниясы 2025 жылға қарай Қашағандағы газ өңдеу зауыты салынатынын және тұрғындарды арзан отынмен қамтамасыз ете алатынын айтты. Отандық машина жасаушылар да бұл құрылыс жобасына қызығушылық танытты. Партия хатшысы Эльдар Жұмағазиевтің айтуынша, басты мәселе – зауытта өз мүмкіндіктерін дұрыс өлшеу үшін қандай агрегаттар мен технологиялар қолданылатынын түсіну.

Эльдар ЖҰМАҒАЗИЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Сіз қазақстандық компаниясыз. Сіз бірінші кезекте қазақстандық өндірушілерден тапсырыстарды орналастыруға, қазірдің өзінде жобаланған тораптар агрегаттардың неден тұратынын көруге мүдделі болуыңыз керек. Біз мұнда өндіре аламыз ба, жоқ па? Бұл тізбекке қалай ену керек? Осы сұрақтарға жауап іздеу маңызды.

А. Серік