Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қызылжарда суға батып кетудің алдын алу мақсатында Алакөл жағасында флэшмоб ұйымдастырылды

AstanaTV
08.08.2016ж. 20:00
2427
Қызылжарда суға батып кетудің алдын алу мақсатында Алакөл жағасында флэшмоб ұйымдастырылды

Ал Қызылжар өңірінде жыл басынан бері 14 адам суға кеткен. Оның көбі ішімдік ішкені белгілі болды. Құтқарушылар бұл мәселені насихат жүргізіп қана шешуге болатынын айтып отыр. Суға батып кетудің алдын алу мақсатында бүгін Алакөл жағасында флэшмоб ұйымдастырылды. Шара қатысушылары қала тұрғындарын мас күйде шомылмауға үгіттеп, көрініс қойды. 

Виктор Держанский,  СҚО ТЖД жедел құтқару жасағының басшысы:

Жыл басынан бастап 37 адамды құтқарып алдық. Бірақ біз тек қала төңірегін ғана бақылап отырамыз. Ал тұрғындардың көбі заңсыз жағажайларға барып шомылады. Араққа сылқия тойып алып, суға түседі. Балаларын да ескерусіз қалдырады. Тұрғындар бұл мәселенің маңызды екенін түсінуі керек.