Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Астанада мүмкіндігі шектеулі спортшыға пәтер кілті табысталды

AstanaTV
23.12.2022ж. 20:00
1994
Астанада мүмкіндігі шектеулі спортшыға пәтер кілті табысталды

«AMANAT» партиясының мүшесі, меценат Артур Мнацаканян мүмкіндігі шектеулі спортшыға пәтер кілтін табыстады. «Мақсатым - спортшының рухын көтеру» дейді ол. Сондай-ақ, кездесуде Астана Қалалық ММА аралас жекпе-жектің біріккен федарациясы 2022 жылды қорытындылап, алдағы жылға құрылған күнтізбелік жоспармен таныстырды.

Артур МНАЦАКАНЯН, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ, КӘСІПКЕР:

Мен бұл жігітті жаттығу залында көрдім. Оның қолы жоқ екенін көргенде... Шынымды айтсам, ол қалай айналысады, қалай ұмтылады, қандай да бір тапсырмаларға қалай қол жеткізгісі келеді. Маған осы қызық болды. Сондықтан оған пәтер сыйлауды жөн көрдім. Себебі мынандай мүмкіндікпен жұмысқа орналасу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ертең ол да үйлі болады, отбасын құрады. Оған да баспана керек. Сол үшін шын жүректен осы пәтерді және басқа спортшылар үшін сыйлағым келді. Бұл үлкен мотивация болды. Бұл оған өте лайықты.

Дмитрий ШПИЛЕВОЙ, СПОРТШЫ:

Әрине, ішкі сезімім ерекше болып тұр. Бұл мен үшін үлкен тосын сый болды. Біз қолымыздан келгенді жасаймыз. Спорттың дамуына барынша үлес қосамыз. Спортта ешқандай шекара, кедергі жоқ екенін көрсеткіміз келеді.

Д. Оңласын