Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Футболдан әлем біріншілігінің ерекше сәттері

AstanaTV
23.12.2022ж. 20:00
1076
Футболдан әлем біріншілігінің ерекше сәттері

Ассалаумағалейкум, спортсүйер көрермен! Спорт әлеміндегі соңғы ақпараттармен бөлісейін. Футболдан әлем чемпионатына қатысқан құрамалардың қанша сыйақы алатыны белгілі болды. Мәселен, топтық кезеңнен шыға алмаған құрамалар 8 млн еуродан алады. Ал 1/8 финалда сүрінген АҚШ, Польша, Испания, Жапония мен Оңтүстік Кореяға 12 млн-дай еуродан тиеді. Жыртылай финалға жете алмаған Бразилия, Нидерланд, Португалия, Англияға 16 млн-нан астам еуродан беріледі. Қола медаль иегері Хорватия 27 млн еуроға қол жеткізеді. Ал Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері Франция - 28 млн, жеңімпаз Аргентина құрамасы 37 млн еуродан алмақ. ФИФА жалпы сыйақыға 440 млн-нан астам еуро қаржы бөлді.

Тізімде Марокко жоқ дегендерге айтайын, сенсация жасап, көптің есінде қалған құрама төртінші орын үшін 25 млн еуро алады. оны бірден қайырымдылыққа жұмсамақ. Футболшылар сыйақыны түгелдей елдегі кедей балалар мен отбасыларға береді. Марокко Әлем біріншілігінің жартылай финалына дейін жеткен алғашқы Африкалық мемлекет. Оларды жанкүйерлері үлкен қошеметпен қарсы алды.

Омар УРДИ, ЖАНКҮЙЕР:

Біз бүгін арыстандарымызды көруге келдік, олардың әлем чемпионатында қол жеткізген жетістіктерінен кейін, бас бапкер мен командаға әсіресе қақпашы Ясин Бунуге алғыс білдіреміз. Дүйім елді таңқалдырып, тарихта қалды!

ФИФА президенті Джанни Инфантино әлемдік доп додасын өткізу уақыт аралығын қысқартуға тырысып жатыр. Ол 2 немесе 3 жыл сайын өткізсек дейді. Бұл өзгерістер 2030 жылдан кейін болуы мүмкін.

Джанни Инфантино, ФИФА ПРЕЗИДЕНТІ:

Еуропада әлем чемпионаттары жиі болады. Өйткені Еуропа лигаларында үздік ойыншылар ойнайды. Алайда әлемнің басқа елдерінде әлем чемпионаты сирек өтеді. Біз футболмен бүкіл әлемді қызықтырғымыз келеді. Сол себепті ірі халықаралық турнирлерді екі жыл сайын өткізу үшін барынша қолайлы жағдай жасауға тырысамыз.

Әлем біріншілігінің үздік сұрмергені атанған Мбаппеге «Реал Мадрид» көз тігіп отыр. Испандық басылымның мәліметінше, корольдік клуб келесі жылы талантты ойыншыны сатып алуы мүмкін. Қазіргі таңда Мбаппе мен ПСЖ 2025 жылға дейін 630 миллион еуроға келісімшартқа отырған. Осыған қатысты, «Реал» президенті шабуылшы үшін париждіктерге 150 миллион және футболшыға өзі қалағанша ақша құюға дайын.

Мбаппенің әлем чемпионатындағы қарсыласы ал клубтағы әріптесі Лионель Месси «Барселонаға» оралуы мүмкін. Испандық БАҚ көздерінде осындай ақпарат тарап жатыр. Жақын күндері каталондықтардың президенті Жоан Лапорта аргентиналықпен келіссөз жүргізеді. Егер Месси ПСЖ клубымен келісімшартын ұзартпаса келесі жылдың жазынан бастап бұрынғы клубына қайтып келуі мүмкін.

Мессидің бәсекелесі Роналдудың «Әл-Насрмен» келісімінің «жұмбақ» болып келген жаңалықтары мәлім болды. Келісімшарт 2030 жылға дейін есептелген екен. Оның 2 жарым жылында Криштиану ойыншы ретінде өткізеді. Егер Криро бұған келіссе, арабиялық клуб үш ойыншыны сапынан шығармақ.

Айдарымызды сүйіншілі жаңалықпен аяқтайық. Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы Еуропа теннис қауымдастығының «Жылдың үздік шетелдік ойыншысы» аталымымен марапатталды. Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, 14 жастағы Заңғар жылды Еуропадағы үздік 10 теннисшінің қатарында аяқтады. Спорт жаңалықтары бүгінге осындай. Спортшыларымыздың мерейі әрдайым үстем болсын!

М. Қалиасқар