Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Президент шыршасына қатысқан оқушыларға 100 мың теңгелік сертификат табысталды

AstanaTV
26.12.2022ж. 20:00
2000
Президент шыршасына қатысқан оқушыларға 100 мың теңгелік сертификат табысталды

Астанада дәстүрлі Президент шыршасы өтті. «Қош келдің, Жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман» атты шараға 200 бала қатысты. Олардың қатарында ерекше және ата-ана қамқорлығынан қалған балалар мен оқу озаттары бар. Мерекеге шақырылған оқушылардың әрқайсысына сыйлықтар мен 100 мың теңгелік сертификат табысталды.

Жаңа жыл - әрбір баланың асыға күтетін ең сүйікті әрі таңғажайып мерекесі. Ал Президенттің шыршатойына қатысуды армандамайтын балғын жоқ шығар, сірә. Рамина да осы мерекеге қатысу үшін жыл бойы озат оқуға барымды салдым дейді.

Рамина ДАНИЯРОВА, ОҚУШЫ:

Маған бос уақытымда билеген ұнайды. Тағы да үй жұмысын істеген ұнайды. Бұл Президент шыршасы өте ұнап жатыр. Ауырмаңдар, осы жылды тек 5-ке бітіріңдер.

Шарада балаларға арналған түрлі-түсті шоу-қойылымдар ұйымдастырылған. Ән айтып, би билеген бүлдіршіндер мерекелік кештің сәнін одан әрі кіргізді. Мультфильм кейіпкерлері мен супер қаһармандар балақайлардың көңіл-күйін көтеріп, түрлі ойындар ойнатты.

Қасымхан СЕНҒАЗЫЕВ, АСТАНА қ. БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жаңа жыл құтты болсын келе жатқан! Балаларымыз әрқашан бақытты болсын. Балаларымыз сабақтарын жақсы оқып, әрқашан ата-аналарын тыңдап, ұстаздарын тыңдап, болашақта үлкен азамат болып өсулеріне тілектеспін.

Мерекенің басты қонақтары жаңа жылдық шыршадан ерекше әсермен қайтты. Қолдары сыйлыққа, көңілдері күйге толы бүлдіршіндер келер жылы да үздік атанып, мейрамға тағы келеміз деп тарқасты.

А. Задабек