Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қызылжарда президенттік шырша мерекесі өтті

AstanaTV
26.12.2022ж. 20:00
1138
Қызылжарда президенттік шырша мерекесі өтті

Президент шыршасына Қызылжар өңірінен де 200-ден астам бала қатысты. Жаңа жылдың басты мерекесіне әлеуметтік аз қамтылған отбасындағы балалар және спорт пен білім жолындағы үздіктер қамтылған. Кейбір балақайлар айрықша костюмімен көзге түсіп, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Президент шыршасына қатысу үшін балалар облыстың түкпір-түкпірінен жиылған. Олардың көіңілі шат-шадыман. Әрқайсысы мерекеге ерекше дайындалған.

Ақниет МЕЙРАМ, ОҚУШЫ:

Мен күн шуағымын. Ол маған ұнап тұр. Оны маған мұғалімім істеп берді. Менің костюмім легняк, ойыншықтардан сондай заттардан жасалған.

Оқушылар Аяз атамен бірге жолбарысты шығарып салып, келер жылдың символы қоянды қарсы алды. Мереке барысында балаларды облыс әкімі Айдарбек Сапаров құттықтады.

Айдарбек САПАРОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

2022 жыл біздің президентіміз балалар жылы деп атап өтті. Сондықтан сіздерге білім алуға, спортпен айналысуға, мүғалімдерге жақсы білім беруге барлық жағдай Қазақстанда жасалған. Тек қана оқу керек, ерінбей еңбек етіп, үлкен жетістіктерге жетуге тырмысу керек.

Шара барысында жыл сайынғы дәстүрге сәйкес үздік костюм таңдалды. Айыртау ауданынан келген Анель Жанқатова «Жаңа Қазақстанға жол» атты ерекше киім үлгісімен көзге түсіп, гран при ұтып алды. Жаңа жылдық мерекеге келгендердің ешқайсысы сыйлықсыз қалған жоқ. Балалардың барлығына сый-құрмет көрсетілді.

А. Құрманкин