Ауылға газ келді.«ҚазТрансГазАймақтың» Маңғыстаулық филиалы Дәулет ауылы тұрғындарының көп жыл күткен үмітін ақтады. Мұнайлы ауданындағы бұл елдімекенде бір жарым мыңға жуық тұрғын бар. Ауылға көгілдір отынның келуі олар үшін жаңа жыл қарсаңындағы ең керемет сый болды.
Ботагөз Қитайбекова баллондардағы газ балансын тексеріп, жаңасына тапсырыс беруге асығудың қажеті жоқтығына әлі сене алмай отыр. Ақыры 4 жылдан соң үй орталықтандырылған газ құбырына қосылды. 3 баланың анасы бұл оның отбасы үшін қауіпсіз әрі өте үнемді дейді.
БОТАГОЗ ҚИТАЙБЕКОВА, ДӘУЛЕТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Жан-жағымыздағы газы бар үйлер 10 мың теңге төлейді.Біз 50-60 мың. Ал тоқпен отырған кезде 80 мыңға дейін төледік айына. Қазір енді жақсы, өзіміздің газымыз келгеніне өте қуаныштымын. Әкімшілікке және «ҚазТрансГазАймақтың» басшыларына рақметімізді айтамыз.
Әзірге ауылда 15 үй көгілдір отынға қосылды, ал жақын арада тағы 25 үй газбен қамтылады.
Еркін ЖҰМАҒАЛИЕВ, «ҚАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ» АҚ МАҢҒЫСТАУ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Жаңа салынған ауыл 4 жыл бойы газға қосыла алмай жүрді. Қазіргі таңда «ҚАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ» АҚ Мұнайлы әкімдігімен бірлесіп, тез арада шұғыл түрде тұрғындарды газға қостық. Біз «ҚАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ» АҚ мамандары осы біздің қазақстандықтардың барлығы газға қамтылып, өз жаңа жылдарын жылы үйлерінде қарсы алсын деп әрқашан жұмыстанамыз.
ӘЛІБЕК ӨТЕГЕНОВ, МҰНАЙЛЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қазіргі таңда осы Дәулет ауылдық округіндегі 45-ке жуық үй газбен қамтылмаған еді.Қазір құрылыс жұмыстары жүргізіліп, газдар қосылды. Қалған үйлер құжаттарын жасақтап, техникалық шарттарын алып, рәсімдеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Қазтрансгаз Аймақ» кәсіпорнының қызметкерлері тұрғындарды көгілдір отынның келуімен құттықтап, күнделікті өмірде газды қауіпсіз пайдалану ережелерін сақтау қажеттігін еске салды.
Қ. Мерей