$474.72 €515.17 ₽5.58
×

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс ХХХ конференциясы өтті

AstanaTV
29.12.2022ж. 20:00
2131
«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс ХХХ конференциясы өтті

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жыл басынан бері 3 мыңнан аса өтініш келіп түскен. Бұл туралы партия филиалының кезектен тыс ХХХ конференциясында айтылды. «Жер аманаты» жобасы аясында аймақтағы түрлі түйткілді мәселенің түйіні тарқаған. Заңсыз иеленген ауылшаруашылығы мақсатындағы 157 мың гектартардан аса жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Конференция барысында делегаттар партияның облыстық филиалының жаңа төрағасына Наурызбай Байқадамовты сайлады. Жиын соңында «AMANAT» партиясының хатшысы Дәулет Кәрібек сөз алып, алдағы мақсат-міндеттерге тоқталды.

Дәулет КӘРІБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Жұмыспен қамту, білім бар, тағы басқа кәсіпкерлікті дамыту, осының барлығы біздің әрбір аудандық, облыстық, қалаға арналған сайлуаалды бағдарламамызда көрініс табуы қажет. Бұған біз мемлекеттік органдардың білікті мамандаорын, одан бөлек осы өңірдегі іс-тәжірибесі бар азаматтарды және үкіметтік емес ұйымдардың білікті сарапшыларды тарта отырып жасау қажетпіз.

М. Тоқтасынқызы