Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Елорда әуежайына алты миллионыншы жолаушы келді

AstanaTV
29.12.2022ж. 20:00
1206
Елорда әуежайына алты миллионыншы жолаушы келді

Елорда әуежайына алты миллионыншы жолаушыны қабылдады. Бұл -әуе айлағындағы рекордтық көрсеткіш. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына Алматыдан рейс келді. Бұл рейстің жолаушыларын салтанатты жағдайда қарсы алып, лотереяның көмегімен жеңімпазды анықтады. Бақыт билетінің иесі болып танылған алты миллионыншы жолаушыға AirAstana компаниясы мен әуежай әкімшілігі бірігіп, кез- келген халықаралық бағыт бойынша рейске екі билет табыс етті.

Анвар ШАЛЕКЕНОВ, АСТАНА ӘУЕЖАЙЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Астана қаласының әуежайы 2022 жылдың желтоқсан айында 500 мың жолаушыға қызмет көрсетті. Өткен жылмен салыстырғанда 23% ға жоғары. Биыл біздер үлкен көрсеткіштерге жетіп отырмыз.

Алмас ШАЯКЕНОВ:

Жол кішкене шаршатып. 4 пересадкы болды. Аяғы осылай. Біз енді біліп келе жаттық бірденге алу керектігін. 4 пересадка Атырау, Ақтау, Ақтаудан Астана Египеттен ұшып. Рақмет сіздерге.Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Д. Оңласын