Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"2023 жылы аспаннан көктегі періштелер түседі", - экстрасенс

AstanaTV
30.12.2022ж. 20:00
3070
"2023 жылы аспаннан көктегі періштелер түседі", - экстрасенс

Санаулы уақыттан кейін жаңа жылды қарсы алып, ескі жылмен қоштасамыз. Барыс жылын шығарып салып, Қоян жылымен қауышамыз. 2023 жыл елімізге қандай жаңалық әкеледі? Несімен қуантады?

Әр жылдың өзіндік ерекшелігі, алып келер несібесі бар. Мамандардың айтуынша, қоян жылы позитивке толы болмақ. Астрологтар егіздер үшін үлкен мүмкіндіктер жылы, дейді.

Эльдар АЛИЕВ, НУМЕРОЛОГ

2023 жылы егіздер үшін ең сәтті жыл болып саналады. Ол кәсіби саласында көтеріліп тіпті басшылық сатыға дейін жоғарылауы мүмкін.

Тарих қойнауына тағы бір жыл еніп барады. Әрбір адам «ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа» деп, келер жылдан үлкен үміт күтеді.

БЛИЦ:

- 2023 жыл еліміз үшін жаңарған ең өзгерстің басы, гүлденген жыл болады деп сенемін. Баршаңызды жаңа жылмен құттықтаймын!

 - Жақсылық күтеміз, тыныштық күтеміз. Балалар аман болып, еліміз тыныш болса.

Танымал экстрасенс Қажетта Ахметжанова қоян жылына болжам жасады. Оның айтуынша, 2023 жылы 100 жылда бір рет қана болатын аспан қақпалары ашылып, періштелер жерге түседі екен.

Қажетта АХМЕТЖАНОВА, КӨРІПКЕЛ:

Қоян жылы көптеген есіктер ашылады және жаңа мүмкіндіктер беріледі. Өйткені 100 жылда бір рет қана болатын аспан қақпалары ашылып, аспаннан періштелер көп түседі. Қоян жылы өнімді болады. Ең бастысы — сыртқы арандатуларға жауап бермеуге және барынша сабырлы болуға тырысу керек. Маңызды шешімдерді тек тыныштықта қабылдаған жөн, әйтпесе оның салдары жағымсыз болады

Әсел ДҮКЕМБАЕВА, ТІЛШІ:

Жұртшылық 2023 жылдан жақсылық күтеміз дейді. Қоян жылы елімізге ырыс пен ынтымақ, бақ-береке әкеледі деп сенеді. Нумерологтар қоян жылында адамдар өзара бауырмал болып, сыйластықта бақытты өмір сүреді деп болжайды! Елдің экономикалық жағдайы жақсарады дейді.

Ә. Дүкембаева