Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Павлодарда заңсыз сатылған пиротехника өнімдері тәркіленді

AstanaTV
30.12.2022ж. 20:00
2021
Павлодарда заңсыз сатылған пиротехника өнімдері тәркіленді

Павлодарда заңсыз сатылған пиротехника өнімдері тәркіленді. Тәртіп сақшылары мен төтенше жағдай мамандары рейд жүргізу барысында бірқатар заң бұзушылықтың жолын кесті. Мәселен, Шарбақты ауданының 34 жастағы тұрғыны от шашуларды сату үшін арнайы рұқсаты болмаған. Полицейлер заң бұзған тұлғаға хаттама толтырып, 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды.

Айдос ҚАБЫЛДИНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА ИНСПЕКТОРЫ:

Тексеру кезінде сондай-ақ, азаматтық рұқсат беретін арнайы лицензиясы жоқ екені анықталды. Ал кәсіпкерге 196 баптың 1-бөлгімен айыппұл салынды.

Рейд барысында заңсыз пиротехника сатқан 17 дерек анықталды. Барлығына заң талаптары бойынша шара қолданылды. Ал төтенше жағдай мамандары түрлі от шашуларды дұрыс қолданбаса, адам өміріне қауіп төндіретінін ескертті. Сондықтан, қолданар алдында ережемен мұқият танысу керек – дейді.

Тілекжан ГАЛЯМОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ТЖ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біріншіден, пиротехника сертификатталған болуы керек. Оның сырты бүтін, тұтас жыртылмаған болуы керек. Жасы кәмелетке толмаған тұлғаларға тапсыруға болмайды. Одан басқа қолданған кезде адамдарға, ғимараттарға немесе автокөліктерге бағыттауға болмайды.

Ө. Қуанар