Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Жаңа жыл мерекесінде бүкіл бала Аяз атаны асыға күтеді

AstanaTV
30.12.2022ж. 20:00
2437
Жаңа жыл мерекесінде  бүкіл бала  Аяз атаны асыға күтеді

Жаңа жыл мерекесінде бүкіл бала Аяз атаны асыға күтеді. Тіпті кей бүлдіршіндер хат жазып, арман тілегімізді орындалады деп сенеді. Ал, аяз ата кім өзі? Ертегі кейіпкері ме? Әлде тілектерді орындаушы ма?

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Бір кездері өзіміз де осы балалар секілді аяз атаның бар екенін, сеніп жаңа жылды тағатсыздана күтетінбіз. Бейтаныс кейіпкерге имандай сеніп тілігімізді айтатынбыз. Ал сосын асылған дорбасынан тәтті берсе мәз болып шаттанып қалатынбыз.

БЛИЦ:

- Аяз ата бар ол жақсылық әкеледі. Сыйлық әкеледі сюрприз әкеледі. Әлі де сенемін. күтемін түнгі 12 де 31 күні.

- Мен Аяз атаға сенемін, бала кезімнен бері сенемін. Сенімсіз болмайды гой. Күлік жүру үшін ол керек. Жаңа жылда әр адамға денсаулық тілеймін. Көңілдеріңіз көтеріңкі болсын. Онан артық не керек? Жақсы жаңалықтар көп болсын!

Әлеуметтік желіде тараған бұл хат көпшіліктің көңілін көтерді. Бала өзіне планшет,әкесіне көлік сұрайды. Ал анасының арықтауын тілепті, аңғал бала көңіл. Мына видеодағы тәп-тәтті бүлдіршін де былдырлаған тілімен тақпақ айтып, жұртшылықтың жүрегін елжіретті.

Интершум: Кішкентай баланың тақпақ айтқан видеосы.

БЛИЦ:

- Шапка, заяц южик патом щвелица онымен ойнаймын. Аяз ата қашан келсін? С новым годом

- Аяз ата тақпақ

- Аяз ата келіп тұр. Бізге сәлем беріп тұр.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Жаңа жыл - ғажайыпқа толы мереке. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мейрам. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз. Лайым солай болғай!

Д. Онласын