Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басынан қызметін бастаған Конституциялық Соттың судьялармен кездесті

AstanaTV
04.01.2023ж. 20:00
1669
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басынан қызметін бастаған Конституциялық Соттың судьялармен кездесті

«Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты». Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Соттың судьялармен кездесуде осылай деді. Мемлекет басшысы жыл басынан қызметін бастаған Конституциялық Соттың ел өмірінде айрықша рөл атқаратын орган екенін айтып, алда оң өзгерістер күтетінін жеткізді. "Әділетті Қазақстанның басты қағидаты әділдік екенін қаперден шығармай, аса маңызды міндетті абыроймен атқаратынына зор сенім білдіремін" – деді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Шын мәнінде, Конституциялық Сот – еліміз үшін өте маңызды институт. Енді азаматтарымыз Конституцияға қайшы келетін нормаларды заңсыз деп тану үшін Конституциялық сотқа тікелей өздері шағымдана алады. Сонымен қатар Бас прокурор және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл де Конституциялық Сотқа жүгінуге құқығы бар.

А. Задабек