Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Үкіметтегі ауыс-түйіс: Қызметінен кеткен министрлер кімдер?

AstanaTV
04.01.2023ж. 20:00
1280
Үкіметтегі ауыс-түйіс: Қызметінен кеткен министрлер кімдер?

Жаңа жылдың алғашқы жұмыс күні бірқатар министрлер ауысып, жаңа Үкімет мүшелері тағайындалды.

Мемлекет басшысы ең бірінші Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаевты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы лауазымына тағайындады.

Содан кейін Президент жарлығымен бірқатар министр ауысты. Серікқали Брекешев Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан кетті. Енді экология саласына Зүлфия Болатқызы Сүлейменова жетекшілік етеді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Аймағамбетов Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды. Аймағамбетовтың орнына Ғани Бектайұлы Бейсембаев тағайындалды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі де ауысты. Қайырбек Өскенбаевтың орнына Марат Қарабаев тағайындалды. Ол 2021 жылдан бастап осы министрлікте Индустриялық даму комитетінің төрағасы болып қызмет еткен.

Ал Азамат Есқараев Қазақстан Республикасының Әділет министрі болды. Бұған дейін ведомство басшысы болған Қанат Мусин Конституциялық соттың судьясы лауазымына тағайындалған болатын.

Сондай-ақ Мәдениет және спорт министрі ауысты. Бұл қызметке Асхат Оралов келді. Осы уақытқа дейін сала министрі болған Дәурен Абаев Мемлекет басшысының Жарлығымен лауазымынан босатылды. Қызметінен босатылған шенеуніктердің қандай қызметке орналасатыны әлі айтылмады.

А. Базарбай