Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қаңтар оқиғасында тәркіленген қару-жарақтар көрмеге қойылды

AstanaTV
05.01.2023ж. 20:00
1866
Қаңтар оқиғасында тәркіленген қару-жарақтар көрмеге қойылды

Мәжілісте қаңтар оқиғасы кезінде тәркіленген қару-жарақтар көрмесі ұйымдастырылды. Полиция департаменттерінен, қару-жарақ дүкендерінен ұрланған және заңсыз айналымда жүрген заттар қойылды. Көрмеде полицейлердің зақымдалған каскалары мен басқа да жабдықтары көпшілік назарына ұсынылды. Тоналған нысандар, қираған ғимараттар, өртенген көліктердің фотосуреттері ілінде.

Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:

Қаңтар оқиғасына тура 1 жыл. Қалың жұртшылықтың қабырғасын қайыстырған бұл оқиға әлі ел есінде. Басы бейбіт шерумен басталып, соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Қорғаныс қызметкерлері соққыға жығылып, жас сарбаздар қыршынынан қиылды. Бүгін Мәжіліске бас прокуратура сол қаңтар оқиғасынан кейін тәркіленген қару-жарақтар мен қорғаныс заттарын алып келді. Қазір менің қасымда тергеу департаментінің қызметкері, полиция капитаны - Жеңіс мырза. Жалпы бүгінгі экспонаттар туралы айтып берсеңіз.

Жеңіс ЖАҚСЫЛЫҚОВ, ҚР ІІМ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Аталған экспонаттар бірінші және екінші экспонаттар барлығы құқық қорғау қызметкерлерінің арнайы қорғаныс құралдары. Яғни, өздеріңіз көріп тұрғандай зақымдары дроптық қарулардың қолданғанын, резиналық қарулардың қолданғанын. Және де оқ дәрілердің тапаншалардың қолданғанын көруге болады. Бұлардың барлығы алдыңғы қатарда, 5 қатарда тұрған қызметкерлерге тиесілі. Зақым келген полиция каскасы мен шынтақтарға айтатын болсам, бұл Алматы қаласының арнайы жасақ қызметкеріне тиесілі. Қазіргі таңда ол емделуін жалғастыруда. 1 жылдан бері қызметке оралған жоқ. Басына келген зақымдар бойынша күрес жүргізуде.

Жалпы қаңтар оқиғасынан кейін 4 мың қару-жарақ тәркіленген. Соның 170-сі көрмеге әкелінді.

Мәлік ҚАЙБАР, ҚР ІІМ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Бұл жерде түрлі қарулар. Айтып кету керек, қазір өздеріңіз көріп тұрсыздар қанша азаматтық қару, травматтық қару ұсынылуда сіздерге. Гранаметтер бар, пулеметтар бар барлығы полиция қызметкерлерінің жұмыстарымен тәркілеген. Жалпы бұл қарудың барлығы міндетті түрде полициямен сараптамадан өткізіліп, іс бойынша айғақ зат ретінде танылған. Ендігі қарудың тағдыры соттың шешімі бойынша белгілі болады.

Тәртіпсіздікке қатысқан көп адамды тоқтатуға құқық қорғау органдарының қызметкерлері қарусыз шыққан. Соңына дейін тек арнайы құралдарды қолдандық дейді оқиға орнында болған полицей қызметкерлері. Бұл – су атқыштар, резиналық таяқшалар. Алайда, ішімдікке масайып, арандатуға еріп кеткен азаматтар еш аяусыз оқ атып, көліктермен қызметкерлерді қағып, құлатып жатты дейді. Сол уақытта жүздеген тәртіп сақшылары жараланып, бір офицер қалалық әкімдікте болған өрт кезінде тірідей жанып кеткен.

Нұрбол ӘБДІРАЗАҚ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҚСАЙ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Бейбіт шеруге деп басын бастады. Бірақ бейбіт шеруге шыққан адам спирттік ішімдік ішпейді, блапыт сөйлемейді, боқтық айтпайды, өзін өрескел іс-әрекеттермен көрсетпейді. Бұлардың теріс ойлары, өткір ойлары дұрыс емес екендігі көрініп тұрды. Қанды қол қарақшыдай камаз автокөлігін тартып алып, Ұлттық ұлан әскерінің 19 жасар сарбазын басып өлтірді ғой сол жерде, қарсы шығып.

Ерғали СҮЛЕЙМЕНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Ол азаматтарда ешқандай қорқыныш жоқ. Спирттік ішімдік ішкен, мас күйде, одан да басқа заттарды қолданған. Өйткені еш жаурамайды, үстілерінде киімдері жоқ. Біз су шашқыш автокөлігімізбен оларды тарқату мақсатында суды да шашып жатырмыз. Олар үстілері су-су болып, қайта шабуылға шыға береді бізге.

Нұридин ДАУЫЛБАЕВ, ҚР ІІМ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Тәркіленіп алынған қарудың саны екі есе көп. Бұл жерде біз қаңтар оқиғасына қылмыскерлердің көптен бері дайындалғаны, қару дайындағандары дәлелденіп отыр.

Ұрланған қарудың басым бөлігі Алматы, Тараз бен Талдықорған қалаларынан табылған. Алайда, 1900-ге жуық қызметтік және азаматтық қару әлі іздестірілуде.

А. Базарбай