Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

"Басты мәселе мемлекеттігімізді сақтап қалу болды" – Ерлан Қарин

AstanaTV
05.01.2023ж. 20:00
1216
"Басты мәселе мемлекеттігімізді сақтап қалу болды" – Ерлан Қарин

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Telegram арнасында осыдан бір жыл бұрын болған қасіретті қаңтар оқиғасы туралы жазба жариялады. "Бұл уақытта басты мәселе мемлекеттігімізді сақтап қалу болды. Азаматтардың бірлігі мен Президенттің шешуші әрекетінің арқасында мемлекеттік төңкеріс болмады. Біз үлкен апатты болдырмай, жағдайды тұрақтандыра алдық», - деп жазылған онда. Мемлекеттік кеңесші сондай-ақ, қаңтар оқиғасынан кейін еліміздегі либерализация мен демократияға бағытталған қозғалыс дами түскенін атап өтеді.

ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

Президенттің бастамасымен елімізде қарқынды және жан-жақты жаңғырту процесі басталды. Мемлекет басшысының стратегиялық бағыты қоғамның қолдауына ие болды. Мұны Конституциялық референдум мен кезектен тыс Президент сайлауының нәтижелері дәлелдейді. Енді біздің алдымызда қоғам бірлігін сақтай отырып, жоспарланған реформалар легін толық жүзеге асыру міндеті тұр.

Ә. Дүкембаева