Шымкент перзентханасында қыркүйекте босанған жас келіншек әлі төсекке таңылып жатыр. "Қызымыз мұнда өз аяғымен келген еді" дейді туыстары. Олар дәрігерлердің жұмысына наразы. Мамандарының салғырттығынан әйел комаға түскен көрінеді. Ал бұған жауаптылар не дейді? Мәселенің мән-жайын әріптесім Айзада Төребекқызы анықтауға тырысты.
28 жастағы Луиза Атажанова 3 айдан бері ауруханада жатыр. "23- қыркүйек күні үшінші сәбиін босануға келген қызымыз бір өлімнен қалды" дейді оның жақындары. Туыстарының айтуынша, ешкімнің рұқсатынсыз оған кесер тілігін жасапты.
Мухаббат ӘБДІРАХМАНОВА, Л.АТАЖАНОВАНЫҢ ЕНЕСІ:
Бұлар білмеймін не істеді, кесерово істеп, комаға түсіп кетті. Жүрегі остановка сердце қылды. Бұл- бәрі докторлардың ісі. Жүріп, келінім ойнап-күліп, бір рет ауырмаған. Аяғымен кіріп келді.
Туыстарының сөзінше, науқас қырық күн комада жатқан. Кейін есін жиған, бірақ әлі халі нашар,- дейді. Олар қыздарының мұндай күйге түсуіне дәрігерлердің салғырттығы себеп деп санайды.
Малика АТАЖАНОВА, Л.АТАЖАНОВАНЫҢ АНАСЫ:
Здесь халатность врачей тоже есть. Анестезиолог уволился, незнаем..қайда кеткенін. Но бірақ сол күннен бері біз анестиезиологты көрмедік. Звондасақ та алмайды, телефондарын берген.
Ал перзентхананың бас дәрігері іштегі шарананың жағдайы қиындады, сондықтан кесер тілігін жасауға тура келді дейді.
Мадина КЕНЖЕБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ПЕРЗЕНТХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:
Операциядан кейінгі кезеңде пациенттің бүкіл денесінде кенеттен аллергиялық реакция, гипотензияға әкелген анафилактикалық шок болған, жүрек қызметі тоқтаған. Жүрек-өкпе реанимациясы толық көлемде, уақтылы жүргізіліп, жүрек қызметі 5 минутта қалпына келтірілген. Денсаулық сақтау басқармасының жіті бақылауында. Астана қаласының ұлттық координациялық жедел медицина орталығының мамандарының қатысуымен телемедицина арқылы бірнеше рет кеңес өткізілді. Қазір ана мен бала дәрігерлердің жіті бақылауында.
Алайда, бұл жауапқа науқастың ет жақындары қанағаттанбай отыр. Ауруханаға өз аяғымен келген қызымызды неге көтеріп шығаруымыз керек деп күйінеді олар.
А. Төребекқызы