Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қызылжарда демалыс күндері 360 рет жол ережесі бұзылған

AstanaTV
05.01.2023ж. 20:00
1985
Қызылжарда демалыс күндері 360 рет жол ережесі бұзылған

Қызылжар өңірінде жол ережесін бұзу фактілері күрт көбейген. Бірнеше күннің ішінде 360 адам жауапкершілікке тартылды. Оның алтауы темір тұлпарды мас күйде тізгіндеген. Жол қауіпсіздігіне салғырт қараған жүргізушілер жеті жылға жүргізу куәлігінен айырылды.

Азамат ЖАМҰҚОВ, СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Полиция қызметі мерекелік күндері күшейтілген режимде жұмыс істейді. Себебі мұндай күндері құқықбұзушылықтар жиі кездеседі. 2022 жылы 60 мыңнан астам жол ережесі бұзылған. Мас жүргізушілердің кесірінен 28 жол апаты тіркелді. Және алты адам бақилық болды. Сондықтан барлық жүргізушілерді жол ережесіне селқос қарамай, мұқият болуды сұраймыз.

А. Қурманкин