$457.29 €490.35 ₽5.97
×

Ақтөбеде көк мұзға құлап, мертіккен 53 адам дәрігер көмегіне жүгінді

AstanaTV
05.01.2023ж. 20:00
878
Ақтөбеде көк мұзға құлап, мертіккен 53 адам дәрігер көмегіне жүгінді

Ақтөбеде көктайғақ кесірінен 100-ге жуық адам дәрігердің көмегіне жүгінген. Адамның көптігі соншалық, оларды қабылдап үлгермей жатыр. Қалың қардан кейін жаңбыр жауып, қалада бірнеше күннен бері көктайғақ. Күндіз шамалы күн жылыса кешке мұз болып қатып қалады. Жарақатқа жәрдем беру бөліміне кешеден бері 85 адам көмек сұрап келген. Оның 48 -і мұзға тайып жығылып,мертіккендер. Бүгінде жарақаты ауыр деген 9 адам ауруханаға жатқызылған. Жетпіс алты адам алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтарылған.

Абзал ҚАДЫРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГ- ДӘРІГЕРІ:

Ауа райының бұзылуына байланысты көктайғақпен өте көп адам келіп жатыр. Адам көп шынында. Құлап жатқан егде жастағы адамдарда бар. Жасөспірім жастарда келіп жатыр. Жарақат алу көп қазір. 33 адам жедел жәрдеммен келді. 52 адам өздігінен келді.

Б. Рахметова



orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах