«Дала қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің алғашқы жиыны Елордада өтті. Шараға еліміздің барлық аймағынан ең үздік 300 споршысы қатысты. Мақсат – спорт саласының мәселесін талқылап, ұсыныстарды жинақтау. Басқосуда еркін күрестен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров, Алмат Кебіспаев, Фируза Шарипова сынды споршылар ойларын ортаға салды. Өз тәжірибелерімен бөлісті. "Дала Қырандары" - ел жастары үшін жаңа алаң. Ұйымның бастамасымен елімізде жастар орталықтары ашылмақ. Онда коворкинг, жаттығу залы және кітапхана мен дәрісхана болмақ. Алғашқы ғимараттың ірге тасы Астанада қаланды. Спортшылар ұйымның туын көкке көтеріп, бір мақсатқа жұмыс істеуге уағдаласты.
Ербол МЫРЗАБОСЫНОВ, «ДАЛА ҚЫРАНДАРЫ» ЖАСТАР ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:
Біздің ұйымның мақсаты-жастарға тәрбиелік алаң ұсынып отырмыз. Еліміз үшін игі жұмыстар атқарып, бір шаңырақ астында жастарды жинап, сол жерде жастардың жан-жақты дамуына өз үлесімізді қоссайық деген мақсатпен. Спорт университеті бар, басқа да федерациялар бар, білікті спортшыларымыз бар жол картасын бірге әзірлеп, әрі қарай еліміздің спорттың жақсаруына үлесімізді қосу.
Ақжүрек ТАҢАТАРОВ, ЕРКІН КҮРЕСТЕН ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ:
Еліміздің туы екі-ақ жерде көтеріледі. Біріншісі Президентіміз барған кезде, екіншісі спортшымыз жарыстан ұтқан кезде. 2012-дегі результатты білесіздер, ең жоғарғы рерультаттар болды ғой. +Бұл жерде ең бастысы тәрбие, жастарға беретін. Дұрыс жол көрсетіп, дұрыс тәрбие берсе, болашақта 2012 жылғы результаттан жоғарғы нәтиже көрсетеміз деп ойлаймын Олимпиадада.
Р. Бақытжанқызы