Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Атырау облысында балықшы 5 күннен бері табылмай жатыр

AstanaTV
09.01.2023ж. 20:00
1339
Атырау облысында балықшы 5 күннен бері табылмай жатыр

Абайлаңыз, мұз әлі толық қатқан жоқ. Құтқарушылар дабыл қағуда. Жыл сайын қыста мұны бірақ ешкім ескермейді. Қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдарынан Атырау облысында балықшы 5 күннен бері табылмай жатыр. Жұқа мұздың жасырын қаупі жөнінде Мерей Қалиасқар баяндасын.

Ескертуді елемеудің соңы қайғылы оқиғаға әкеледі. Бұл өткен аптада Атырау облысында суға батып бара жатқан тұрғынды құтқару сәтінен түсірілген видео. Жайық өзеніндегі мұз ойылып, екі адам суға түсіп кеткен. Жедел құтқару жасағы дер кезінде бір адамды жіппен тартып, ұстап қалған. Ал екіншісі әлі табылмай жатыр.

Әділхан ЖҰМАЛИЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТЖД ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Жеке құрам күнделікті 8-10 адам әртүрлі бүгін 7 адам сүңгуір құтқарушы жұмысқа келіп, 2 техника құрамында іздестіру жұмыстарын күнделікті жүргізіп жатыр. Мұз қату, мұз еру кезінде қауіпті аймақтарды анықтап, белгі қондырамыз. Соған қарамастан халық мұз үстіне шығып, қайғылы оқиғаларға тап болатыны қайталанып отырады.

Өткен тәулікте Ақтөбенің Ойыл ауданында да оқыс оқиға болды. Жылқы іздеп, өзен арқылы өтпек болған көлік суға батып кетті. Ішіндегі екі жолаушы мен жүргізуші сыртқа шығып үлгерді.

Серік МУСИН, ҚАЙЫҢДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Күн жылы болды. Жылқымды айдап келе жатқанда алдымнан су кездесті. Бірінші судан өтіп кеттім. Екінші судан өтіп бара жатқанда асты жыра боп түсіп кеттім.

Жұқа мұзда жасырын қауіп бар екенін балалар да жақсы біледі. Біле тұра, басын бәйгеге тігеді.

Азамат ЖУМЕКЕШОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ОФИЦЕРІ:

Сол маңайда коньки теуіп, сырғанап жүрген балаларды оқыс оқиғаға тап болмас үшін Алматы ауданы әкімдігімен бірлесе отырып, сол алаңды жауып тастадық. Күннің жылынуына байланысты сол жерде Ақбұлақ өзені астындағы ағысқа байланысты мұз еріп бастады.

Мерей ҚАЛИАСҚАР, ТІЛШІ:

Көбіне қала тұрғындары жолды қысқарту мақсатымен осындай өзен-көлдердің үстімен жүреді. Мамандар мұздың қалыңдығы 20 см жоғары тіпті 40 см болу қажет дейді. Сондықтан да қалыңдықты тексеріп, ережені ескеріп бірақ өтуге болады. Оқыс оқиғаларға көбіне балықшылар мен ішімдік ішкен азаматтар тап болады екен.

Көкмұздың үстінде «сейілқұратын көпшілік» сейілер емес. Қайғылы оқиғаны болдырмау мақсатында күн сайын департамент қызметкерлері мен полиция департаменті бірлесіп рейдтік іс-шаралар өткізеді. Қауіпсіздік ережелерін жетер жеріне дейін жеткізеді.

Азамат ЖУМЕКЕШОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ОФИЦЕРІ:

Суға түскен кезде сабыр сақтап, екі қолымызды екі жаққа жаямыз. Жан-жаққа қарап, мұздың қатып тұрған жеріне жақындап, қатты жерден ұстап шығуға әрекет жасаймыз. Егер шықсаңыз бірден тұрып кетпей, жағаға дейін жорғалау, домалау арқылы әрі қарай қатқан жерге жетуіміз қажет.

Қыс қаһарына мінсе де, кейбір өзен-көлдер әлі толық қата қойған жоқ. Мұздың астында қалмау үшін, үстінде ескертулерді елеусіз қалдырмау қажет-ақ.

М. Қалиасқар