Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ресейліктер Қазақстаннан жаппай көлік сатып алуда

AstanaTV
09.01.2023ж. 20:00
1937
Ресейліктер Қазақстаннан жаппай көлік сатып алуда

Ресейліктер Қазақстаннан жаппай көлік сатып алып жатыр. Түмен облысы өңірлік кеден бөлімінің мәліметінше, көрші елге көлік әкету көрсеткіші 56 есе артқан. Бұл шетелдік көлік өндірушілердің Ресейде жұмысын тоқтатқанына байланысты дейді сарапшылар. Ал олар қандай көліктерге қызығушылық танытуда? Әйгерім Пернебек айтады.

Әйгерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ:

Қазақстаннан автокөлік сатып алу Ресей азаматтарына әлдеқайда оңай түседі. Қазірдің өзінде елімізден көршілес елге көлік әкету 50 есе артқан.

Эдуард ЭДОКОВ, ТӘУЕЛСІЗ АВТОМОБИЛЬ ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Геосаяси жағдайларға байланысты Қазақстанда құрастырылатын автомобильдерге ресейлік сатып алушылар тарапынан сұраныс артқан. Осыған байланысты барлық автомобиль брендтері іс жүзінде жоғалып кетті. 2021жылы 1 млн 600 мың көлік сатылған. Ал 2022-де 600 мың автокөлік. Салыстырмалы түрде өскені рас.

Қазақстандық сарапшылардың айтуынша көрші елдің азаматтары тек жаңа темір тұлпарларды алуда. Әсіресе, кореялық көліктерге басымдық беретін көрінеді.

Қанат БАЙЖАНБАЕВ, КӘСІПКЕР:

Кореялық мәшиналар көбінесе спроста. Ал дилерлік орталықтарды алсақ, БМВ, ТОЙОТА, ЛЕКСУС сияқты көліктерді алу Ресейге ұтымсыз. Неге десеңіз, ондай бренд автокөліктердің жабдықтары Ресейде жоқ.

Қазір Қазақстан - Корея, Біріккен Араб Әмірліктерінен және АҚШ-тан көлік таситын ірі көлік хабы. Елімізде көлік сатып алу қолжетімді, таңдау да үлкен. Сондықтан ресейліктер машинаны осы жақтан алуға тырысуда.

Нариман ТҮСІПБАЕВ, КӨЛІК САТУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Бізде баға әлдеқайда қолжетімді. Кореядан, Дубайдан келетін көліктер көп сұранысқа ие. Хюндай соната, Киа К5, Тайота көліктері сатылымның алдында тұр. Ресейден келіп көбісі бірден 10-20 автокөлік алып кететіндер де бар, әрине ары қарай сату мақсатында. Біздің кәсіпорында санкциялардан кейін көлік сатылу 30% өсті.

Автонарықты талдау және мониторингілеу орталығының алдын ала бағалауы бойынша саудадағы қазіргі динамика сақталып, логистика жұмысы реттелсе, нарық былтырғы деңгейге тағы 10 пайыз өсім көрсететін болады.

Ә. Пернебек