Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қызылжарда парацетамол тапшы

AstanaTV
10.01.2023ж. 20:00
1672
Қызылжарда парацетамол тапшы

Қызылжарда жұрт парацетамол таппай жүр. Бұл дәрі қалада бір ғана дәріханада қалған. Оның өзі екі-ақ аптаға жетеді, дейді фармацевтер. Себебі, шаһарды түгел аралап, дене қызуын түсіретін дәрмек іздегендер осында ағылып жатқан көрінеді. Ал сала мамандары парацетамолдың жетіспеушілігін қолайсыз күн райымен байланыстырады. Мәселе жуық арада шешіледі дейді.

Сәния РАҚЫМЖАНОВА, СҚО МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МАМАНЫ:

Біздің облысқа парацетамол боран басылып , аяз қайтқан соң жеткізіледі. Қазір қала дәріханалары жұртқа оның баламасын ұсынып жатыр. Ацитил-солицил қышқылы, Ибуфен сияқты.

А. Құрманкин