Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Жамбыл облысы Сарысу ауданында 6 жылдан бері су жоқ

AstanaTV
10.01.2023ж. 20:00
2612
Жамбыл облысы Сарысу ауданында 6 жылдан бері су жоқ

Жамбыл облысы Сарысу ауданында 6 жылдан бері су тапшы. Бір емес алты ауылдық округте егін мен малға су жоқ. Тіршілік нәрінен тарыққан тұрғындар мәселені жергілікті билікке айта-айта шаршадық дейді. Ауылдағы ағайынның базынасын Берік Жұмабайұлы жеткізеді.

Қос министірлік осында келсін, жағдайды көзбен көрсін деп көпшілік талап қойып отыр. Әйтпесе аудандық атқа мінерлер тілегімізді тыңдайтын түрі жоқ дейді. Дихандар егін егуден, шопандар төрт түлігіне шөп жеткізе алмай алты жылдан бері әбден шаршаған.

Пернебек АЛТЫНБЕКОВ, ДОСБОЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ешқандай шөп шықпай қалған. Қазір малдардың бәрі сағат 1-2-де келіп жатыр. Жейтін ауқат жоқ.

Талғат МАХАНОВ, ДОСБОЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Соңғы 2 жылда 300-400-дей ірі қара өліп қалды Досбол округында. Бұның басты себебі су келмегеннен кейін неше түрлі мал ауруы тарайды. Содан мал өледі паразит ауруынан.

Аудан әкімдігі мұны жоққа шығарды. 6 ауылдық округтың малы шөлден өліп жатқан жоқ дейді.

Қайрат АМАНОВ, САРЫСУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Соңғы екі жылда мал ауруларынан үш жүз бас ірі қара малдары шығын болу фактылері бойынша ауылдық ветеринарлық пунк мамандарына, аудан әкімшілігіне тұрғындар тарапынан өтініштер түспеген. Алдағы жылы Талас өзенімен келетін ағын судың көлемін тиімділігін арттыру мақсатында Талас ауданымен бірлесе отырып өзен арнасын тазалау мен тоспаларына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Аудандағы су арналары алдағы уақытта Қазсушар мемлекеттік мекемесінің облыстағы филалының қарауына өтпек. Сонда ғана бұл мәселе түбегейлі шешіледі дейді жауаптылар

Б. Жұмабай