Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Miras»-тың көшпелі отырысы түркі халықтарының мәдени-рухани ықпалдастығына арналды

AstanaTV
10.01.2023ж. 20:00
1433
«Miras»-тың көшпелі отырысы түркі халықтарының мәдени-рухани ықпалдастығына арналды

«AMANAT» партиясы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» республикалық қоғамдық кеңесінің алғашқы көшпелі отырысы Түркістанда өтті. Жиынға өңірлік кеңестің мүшелері, зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен өзбекстандық қонақтар қатысты. Басқосуда партияның сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылуы, түркі халықтарының мәдени-рухани ықпалдастығы сөз болды. Соңғы екі жылда партияның сайлауалды уәделерін орындау жөніндегі Жол картасы аясында аймақта 8 мәдени нысан салынған. Тозығы жеткен 14 мәдениет нысанға жөндеу жұмысы жүргізілген. Қожа-Ахмет Ясауи атындағы университет Түркология ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп жойылып кету қаупі бар түркі тілдері бойынша зерттеу жүргізді. Өзбекстандық ғалымдар рухани-мәдени қарым-қатынасты нығайтудағы «AMANAT» партиясының алатын орнын айрықша атап, алғысын білдірді.

Аманжол ӘЛТАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «MIRAS» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жергілікті ауылдық жерлердегі бұрыңғы халық театрлары, көркем өнерпаздардың коллективтері, осылардың барлығы керемет-керемет осы ауылдың мәдени-рухани өмірі қайнап жататын. Ал бүгінгі таңда осы халық театрларының жәй-күйі қалай? Осы көкейкесті мәселелеріміздің барлығы біздің партияның тарапынан «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесінің тарапынан бақылауға алынады.

Жанар ТЕМІРБЕКОВА Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:

Қожа-Ахмет Ясауи бабамыз кім? Неше ғасыр бұрын өмір сүрді? Неге оның рухани мұрасы күні бүгінге дейін соншалықты өзекті? Рухани «Мирасқа» ұйытқы болған құндылықтарды білсек бір-бірімізге деген ынтымақтастығымыз, бір-бірімізге деген ықыласымыз артады деген сөз. Біздің миссиямыз түркі тілдес халықтардың ынтымақтастығын арттыру.

А. Задабек